Сенбі, 18 Мамыр 2024
2062 0 пікір 8 Қыркүйек, 2021 сағат 15:21

Қазақстанда 5G сынақтан өтпек

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G стандартындағы ұялы байланыс тестілеуден өтеді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.

«Қазақстанда 5G желісін енгізуге қатысты сауалдар көбейгендіктен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мынадай мәлімет береді:

Қазақстан Республикасы Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы елдің үш қаласында – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G стандартындағы ұялы байланысты тестілеуден өткізу туралы шешім қабылдады.

Ешқандай оператордың эксклюзивті құқығы болмайды, жоспар кестесіне сәйкес 5G ұялы байланысын сынау мүмкіндігі белгілі бір уақытқа «Қазақтелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС берілді.

5G стандартындағы ұялы байланыстың коммерциялық тұрғыда ұсыну мерзімін нақты айту әзірше мүмкін емес»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда қазіргі таңда заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауында екені айтылған.

«Бұл мәселе толықтай заң жүзінде реттелген соң ғана конкурс (немесе аукцион) нәтижесі бойынша жеңген оператор 5G стандартын коммерциялық қолданысқа енгізетін болады».

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653