Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2766 12 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 18:23

Тоқаев: Құны 85 миллиардтық қару қалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияға "Талибандардан" төнетін қауіп туралы "Шығыс экономикалық форумында" онлайн қатысу арқылы айтты. 

"Менің ойымша, бұл елден қауіп пен қатердің төніп тұрғаны анық. Америкалықтар кеткеннен кейін мұнда үлкен көлемдегі қару-жарақ қалды. Және олар жай қару-жарақ емес, құны 85 миллиард долларға бағаланып отырған заманауи қарулар. Босқындардың ағылу қаупі де сейілген жоқ. Жуықта Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының саммиті өтті. Ресей президентінің бастамасымен біз Ауғанстанға қатысты мәселелерді талқыладық. Және бұл елден келер қауіп пен қатерге қатысты бірыңғай позицияны ұстану жөнінде шешімге келдік", – деді ол Шығыс экономикалық форумының пленарлық сессиясында.

"Шығыс экономикалық форумы" 2-4 қыркүйек аралығында Владивостоктағы федералдық университет кампусында өткен еді.

Abai.kz

12 пікір