Сенбі, 18 Мамыр 2024
5514 1 пікір 2 Қыркүйек, 2021 сағат 10:23

Тәліптер Панджшер жазығында жеңіліс тапты

Ауғанстанның Панджшер жазығында "Талибан" қозғалысы мен Ұлттық қарсылық майданы күштерінің арасында ұрыс жүріп жатыр.

"Талибан" содырлары Панджшер шаһарына батыс жақтан кіруге ұмтылды, бірақ жеңіліс тапты. Бұл жөнінде Озоди радиосына тәліптерге қарсы күштің өкілі Фахим Дашти хабарлады. Ол қазір тәліптерге қарсы күресіп жатқан күштің жетекшісі Ахмад Масудтың баспасөз хатшысы болып жүр.

Ашраф Ғани тұсында Ауғанстанның қорғаныс министрі болған Бисмилла Мухаммади Твиттер парақшасына тәліптер Панджшер қаласына өткен түні шабуыл жасағанын жазған. Тәліптер жеңіліп, шегініс жасаған.

Бірақ тәліптер шабуылды жалғастырып жатыр. Олар қазір Панджшер қаласын толық қоршап алған. "Олар НАТО-ның көмегімен Кабулды қорғай алмады, шағын ғана аумақта қайтіп қарсы тұрмақ?", - деп мәлімдеді "Талибан" өкілі Моттаки. Тәліп өкілі бұл аймаққа губернатор тағайындап қойғанын да мәлімдеді.

Панджшер Кабулдың солтүстік жағында орналасқан. Онда негізінен тәжік ұлтының өкілдері тұрады.

АҚШ әскері 30 тамызда 20 жылға созылған миссиясын толық аяқтап Ауғанстан аймағынан шығып кетті. Американың Ауғанстанға миссиясы 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіден кейін басталған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2336
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653