Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
6756 24 пікір 1 Қыркүйек, 2021 сағат 13:05

Президент: орыс тілінің қолданылуына кедергі келтіруге болмайды

"Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар, бірақ біздің заңнамаға сәйкес, орыс тілінің қолданылуына кедергі келтіруге болмайды" деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында.

Президенттің айтуынша, барлық азаматтар этносаралық және конфессияаралық қатынастардың қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек. Сондықтан Қазақстанда адамды тілі, ұлты, нәсілі бойынша қорлауға, бөтеннің намысына нұқсан келтіруге жол берілмейді.

"Біз заң бойынша жауапқа тартамыз. Конституцияға қарсы мұндай жауапсыз қадамдар елдің негізгі мүдделеріне нұқсан келтіреді. Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл салада нәтиже бар. Жалпы, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп келеді. Бұл табиғи құбылыс, сондықтан қазақ тілінің өрісі шектеулі деп айтуға негіз жоқ. Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Оны қолдануға біздің заңнамаға сәйкес кедергі келтіруге болмайды", - деп қорытындылады Тоқаев.

Abai.kz

 

24 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125