Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2832 2 пікір 27 Тамыз, 2021 сағат 15:32

Паралимпиада-2020: Қазақстан қоржынында күміс медаль

Қазақстандық парадзюдошы Ануар Сариев Қазақстан қоржынына Токиодағы Паралимпиада ойындарының екінші жүлдесін салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Екеуара белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзірбайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын еншіледі.

Нәтижесінде, парадзюдошы Ануар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Abai.kz

2 пікір