Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3310 0 пікір 27 Тамыз, 2021 сағат 15:24

Жарылыстан қаза тапқандардың саны 9-ға жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 9-ға жетті.

- Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталып жатыр,- деді ТЖМ.

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД-ның 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан бес әскери адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Abai.kz

0 пікір