Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
1478 0 пікір 16 Шілде, 2021 сағат 22:03

«Туған жер»: Кәсіптің көзін тапқан ауыл жұрты

Елімізде біраз уақыттан бері қолға алынып келе жатқан «Туған жер» атты бағдарлама бар. Аталған бағдарламаның мәні – туған жерлерін ұмытпай, оған қолдан келген көмегін көрсетіп жүрген кәсіпкерлерді, жастар мен зиялы қауым өкілдерін қолдау болып табылады. Бұған мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар бар.

Мәселен, Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғыны Юлдуз Тураева тоқыма юұйымдарын өнідіріп, өңірдегі кәсіпкерлікке өз үлесін қосуда. Ал, Текелі қаласының тұрғыны Гүлдана Өміртайқызы кофехана ашып, еңбегінің жемісін көріп отыр. Екеуі де мемлекеттік “Бизнес бастау” жобасы арқылы грант алып, кәсібін ашқан жандар.

Бүгінде мемлекет тарапынан жасалып отырған бұл бағдарламаның халыққа берер пайдасы көп. Мәселен, өз кәсібін ашқан Юлдуз Тураева өңірлік кәсіпкерлер палатасынан “Бастау бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып шыққан. Сөйтіп, “Жас кәсіпкер” бағдарламасы бойынша 500 мың теңге грантты жеңіп алған. Аталған қаржыға тігін машиналарын сатып алған ол өз цехын ашады. Қазір бұл кәсібінен өзі ғана емес, өңірдегі 7 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Ал, Текелі қаласынан өз кәсібін ашқан Гүлдана Өміртайқызы да мемлекттік грант есебінен кофеханасын ашқан. Ол “Бизнестің жол картасы 2020-2025” бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге грант ұтып алған. Сөйтіп, қоғамдық тамақтану орталығын ашуға қажет құрал-жабдықтар сатып алған. Ол ашқан қала орталығындағы “MELISSA”  кофеханасында қазір өзінен бөлек үш адамды жұмыспен қамтып отырған жағдайы бар. Онда кофеден бөлек, тәттілер де пісіріледі.

Осылайша, біз мысал еткен қос келіншек те туған жерде өз кәсіптерін ашып, өз аймағының дамуына қолдан келгенше үлестерін қосып отыр.

Ал, бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылың мен өңіріңе, өз туған жеріңе деген сүйспеншіліктен басталады... Туған жер кез-келген адамның жүрек түкпірінде. Ал, оны әлдилеп өтпейтін жан болмайды” деген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1980
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2359
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1937
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571