Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 1008 0 пікір 11 Тамыз, 2021 сағат 14:38

Жемқорлықпен күрес: Арнайы мурал мен нақты шаралар

Бір ай бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада аймақ басшыларын онлайн форматта жина, жиын өткізді. Жиын сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша алдын алу жұмыстарын күшейтуді мақсат еткен болатын.

Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылы әр түрлі деңгейдегі 7 әкім мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ 14 облыстық департамент басшылары мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың наурызына дейін бағыныштылары сыбайлас жемқорлық бойынша сотталған 20 саяси шенеунікке қатысты шаралар қолданылған. Президент әкімдерге өздеріне сеніп тапсырылған аймақтарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз міндеттерін орындауға ақылға қонымды түрде қарауы тиіс екенін де жеткізді.

«Жаңа айтқанымдай егер мемлекеттік қызметші бюджет қаражатын ұрлауға немесе пара алу арқылы заңсыз байлыққа қол жеткізуге ниетті емес, шешім қабылдаған кезде қателік жіберсе, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Әйтпесе, біз мемлекеттік аппаратты тоқтатып тастаймыз. Қылмыстық қудалау орбитасына сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған шенеуніктер тартылуы тиіс»,- деген еді. Жиында әр облыс бойынша жеке тапсырма беріліп, жемқорлықпен күресуді күшейту бойынша нақты істер атқарылу тиістілігі айтылды. Бұл шаралар дәп қазір іске асып жатыр. Алматы облысы аталмыш негізде алда келеді десек те болады.

Облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты күрес күшейді. Тіпті жемқорлықпен күрестің өз символы да пайда болды. Мысалы Алматы қаласында үлкен мурал салынды. Сурет авторы Кристина Бекмурзаеваның айтуынша, баланың бейнесі жас ұрпақты бейнелейді. Ол сонымен қатар қолшатырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің логотипі бейнеленгенін және бұл кездейсоқ емес екенін, себебі сыбайлас жемқорлықпен күрес-болашақ үшін күрес екенін атап өтті.

Фото: художники Алматы

«Мурал - бұл қалалық кеңістіктегі суретші мен көрермен арасындағы диалогтың тамаша құралы. Бұл жобада жұмыс жасай отырып, біз позитивті, жарқын бейнені жасауға тырыстық, ол мағынаны сақтай отырып, көрерменге жеңіл әрі жақын болып қала береді. Біздің команда Нұр-Сұлтан мен Алматыда ұқсас екі жобада жұмыс жасады. Біз шығармалар сериясын құруды жоспарладық және балалар тақырыбы жоба серіктестерінен жауап тапқанына қуаныштымыз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес сияқты маңызды тақырыпқа тоқтала отырып, біз «көркем» тілде сөйлеуге және Сайран автовокзалының жанындағы жарқын нүктеге айналатын позитивті бейнені жасауға тырыстық», - деді тұжырымдаманың авторы Бекмурзаева.
Әрине, бұл суретті салу да маңызды. Себебі әр адам сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын аталмыш суретті көрген сәтте өзгертеді. Жарқын баланың болашағы, күлкісі мен қуанышы, бақыты мен риясыз шаттығын парақорлық, жемқорлық, халық несібесін тартып алу сынды қадамдармен алмастыруға болмайтынын ұғынады.

Облыста мурал салу, үнпарақтар тарату, баннерлер ілу, стэндтер дайындау, арнайы роликтер көрсету сынды түрлі насихат жүргізу шараларынан бөлек, тікелей шаралар да іске асуда. Яғни жемқорлыққа қарсы күрес агенттік қызметкерлері тарапынан арнайы семинарлар мен кездесулер түрлі мекемелерде өтіп жатыр. Пандемиялық жағдайға байланысты олардың басым бөлігі онлайн форматта болуда, алайда оның бір артықшылығы көптеген адамның қатысуына мүмкіндік бар. Сонымен қатар пандемиялық жағдайлар жақсарған соң шараларды офлайн өткізу де көзделіп отыр. Бұның барлығы халықтың сауаттануына әсер етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көңіл-күйдің тууына әсер ететіні анық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1522
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1378
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1127
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1149