Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 4471 4 пікір 24 Тамыз, 2021 сағат 16:37

Ауған қазақтарын көшіру үшін комиссия құрылды

Ауғанстандағы қандастарды елімізге көшіру мақсатында Кабул қаласындағы ҚР Елшілігінде арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы «Отандастар қоры» мәлімдеді.

Аталған комиссия қандастарымызды қабылдап, құжатын рәсімдеу бойынша жұмыстарды бастап кеткен.

Бұған дейін Қоғамның өңірлердегі фронт-кеңселерінен жиналған Ауғандағы қандастар тізімі ҚР Сыртқы істер министрлігіне шұғыл түрде жолданған болатын.

Қазіргі таңда Елшілікте тұрған қандастарымыз Қазақстан Республикасы Президентіне, Сыртқы істер министрлігіне және Ауғаныстандағы Елшілік қызметкерлеріне дер кезінде көрсетіліп жатқан дипломатиялық жұмыстар үшін өз алғыстарын жеткізуде.

Abai.kz

4 пікір