Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3156 4 пікір 18 Тамыз, 2021 сағат 13:30

Тәлібтер "Әл-Каидамен" байланысын жалғастыруда

"Талибан" қозғалысы ағымдағы жылы "Әл-Каида" ұйымымен қарым-қатынасын жалғастырып, террорлық ұйымға қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін өз аймағын ұсынған. Бұл туралы Пентагонның Конгреске берген соңғы тоқсандық есебінде айтылған деп хабарлайды Daily Mail.

"Талибан Ауғанстандағы лаңкестік топтың қауіпсіз орнын қамтамасыз ете отырып, "Әл-Каидамен" қарым-қатынасты жалғастыруда",-делінген хабарламада.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тың Ауғанстандағы барлық мақсаттарына жеттік деген мәлімдемесінен кейін, тәлібтер "Әл-Қаидамен" байланысын жалғастырып, Ауғанстанға нық орнауына қол ұшын соза бастаған.

Маусым айының басында лаңкестік топтар арасындағы қарым-қатынастың жалғасуы Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінде де айтылған.

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1958
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2265
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1860
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550