Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Айқай 3810 18 пікір 17 Тамыз, 2021 сағат 12:19

«70 мың Ауған босқыны»: СІМ не дейді?

Соңғы күндері әлемдік ақпараттың аузындағы сөз - Ауғандағы ахуал. Дүниежүзінің 50-ге тарта мемлекеті мен Еуроодақ Ауған билігі Талибанның қолына өткен соң, бірлескен мәлімдеме жасады. Ауғанстаннан кеткісі келетін шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарға елден қауіпсіз шығып кетуге жағдай жасауды сұрады.

Қазақстан билігі ресми мәлімдеме жасап, босқын қабылдамайтынын айтты. Десе де әлеуметтік желіде әртүрлі әңгіме көп.

«Шымкентте жатақхана дайындап жатыр екен», «Ауған босқындары Алматыға келеді екен», «Қазақстан 70 мың босқын қабылдайды екен», «Ауған студенттері Қазақстаннан баспана сұрапты» т.б. гу-гу сөз. Бірі рас болса, бірі өтірік.

Осыған дейін президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те босқындар мәселесіне қатысты:

«Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады», - деп жазған еді.

Осыған дейін WhatsApp мессенджерінде «Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді» деген қауесет тарады. Ол ақпарат бойынша, алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді-мыс.

Кеше Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

«Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз!», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өткен жексенбіде Талибан жасақтары (Қазақстан мен өзге бірқатар елде радикалды ұйым деп танылған) Ауған билігін соғыссыз алды. Президент Ашраф Ғани елден кетті. Ғанидың қазір қайда екені белгісіз. Әуелде Ашраф Ғани Тәжікстанға ұшып кетті делінген. Кейін Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі ауған саясаткері мінген ұшақ Тәжікстанға қонбағанын хабарлады. Қазақстан да аранйы мәлімдеме жасап, Ашраф Ғанидың Қазақстанде емес екенін айтты. Кейбір БАҚ Ауғанстанның ендігі экс-президенті Ашраф Ғани Өзбекстанды барып паналауы мүмкін екенін жазады.

Талибан жасақтары Қабулды алған соң, елде өз тәртібін орната бастады. Ал ондағы шетелдік тұлғалар мен жергілікті тұрғындардың кей бөлігі елден кетуге асығуда.

Қазақстан билігі де Ауғанстандағы дипломаттар мен Қазақстан азаматтарына алаңдаулы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы Қазақстан азаматтары мен дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде күштік құрылым басшыларымен шұғыл жиын өткізген болатын.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1599
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1501
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1220