Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3076 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 11:45

Ермек Тұрсынов: "Менің шығармашылығым көрерменді ойландыруды көздейді"

Ермек Тұрсынов, кинорежиссер:

Бірнеше айдан соң режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі қалың көпшіліктің назарына ұсынылатын болады. Әзірше картина фестивальдер мен жабық көрсетілімдерде жүр. Бұл туындыны кино түріндегі философиялық астарлы әңгіме деуге болады. Режиссер Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының желісін ала отырып, таза қазақы дүние жасап шығарған. Тұманды қарасуықта адасқан шал жанын сақтап қалудың бар амалын қарастырады, барлық өмірлік тәжірибесін ажалға қарсы қояды. Кинода Хемингуэйдің сөздері пайдаланылғанымен, бұл фильм көне түркі дәуірінен келе жатқан жақсылық пен жамандық, ескілік пен жаңа заман, руханилық пен дүниеқұмарлық арасындағы егестерге қатысты идеяларды көрерменнің есіне салады. Картина жуырда «Ел тұлғасы» халықтық байқауы жеңімпаздарын марапаттау кешінде көрсетілді. Бұл байқауда дауыс берушілер арнайы тізімдегі тұлғаларға қоса, тағы бір азаматты қосымша таңдауы керек болатын. Мұндай таңдаудың нәтижесінде режиссер Ермек Тұрсынов жеңімпаз деп танылды. Біз режиссерді әңгімеге тартып, осы жайында және оның шығармашылығы туралы сұхбаттасқан едік.

- Ермек аға, «Ел тұлғасы» жалпы­ұлттық байқауында дауыс беруге ұсынылған адамдардың қатарында болмасаңыз да сізді көпшіліктің өзі таңдап, «Халық таңдауы» аталымы бойынша жүл­деге лайық деп тапты. Бұдан ел азаматтарының сізді руха­ния­тымыз­дағы құрметке лайық адамдардың бірі деп білетіні бай­қалды. Марапат тосыннан тиген кезде қандай ойда болдыңыз?

- Әрине, аяқ астынан осындай жағдай болып жатса, кез келген адам қуанады. Бұл байқауда халық өзі таңдаған адамға сыртынан дауыс берген. Мұндайдан соң одан әрі жұмыс істегің келеді. Менің шығармашылығыма түрлі сындар айтылып жатады. Біреулер қостайды, біреулер сынайды. Бұл - заңды нәрсе. Егер ешкім сені байқамай жатса, міне, бұл өкініш болар еді. Ал халық үнемі байқап, әңгіме қылып жатса, бұған қуану керек.

- Демек, осы байқаудың қоры­тындысына қарағанда, қалың жұрт­шылық Ермек Тұрсыновты жақтыр­майды емес, керісінше, жақсы көретін сияқты ғой? «Келіннен» кейінгі көзқарас бүгінде өзгергені ме?

- Солай шығар. «Келінді» сынағандар көп, қолдағандар да бар. Көрермен әртүрлі ғой. Әркім өзінің жеке пікірін айтып жатады. Әрине, мен бәріне оң көзбен қараймын. Негізі, көпшіліктің көңілінен шығу оңай нәрсе деп айта алмаймын, бұл - қиын нәрсе. Бірақ менің шығар­ма­шы­лығым көрерменді ойландыруды көздейді. Қазір Американың киноларын тек попкорн сатып алып көретін болдық қой, ойлан­баймыз, миымызды өшіріп тастаймыз. Мүмкін, мен өз жұмыстарымда абайсыздан біреулердің көңілін түсіріп алатын шығармын, бірақ негізгі мақсатым - көңіл бұзу да, көңіл көтеру де емес, ойлан­дыру.

- «Шал» фильмін көпшілік тегіс көре қоймаған болар. Бұл еңбегіңізде «Келіндегідей» амбиция бар ма?

- Қазір «Шал» Венецияда болатын үлкен фестивальге бара жатыр. Ол тамыз айында болады. Оның алдында да бірқатар фестивальдерге қатыстырғалы отырмыз. Егер бәрі жақсы болып жатса, қазақстандық көрермен оны күзден бастап көре алады. Бұл - кинофестивальдерге ұялмай қаты­сатын картина. Егер шетелде қазақ киносын бағалап, жүлде беріп жатса, біз де қуа­на­мыз ғой.

- «Шал» тек қана батыстан жүлде алу үшін түсірілді» деуге негіз бар ма сонда? Картина желісінің өзі Хемингуэйдің шығармасын арқау еткен дегендей...

- Жо-жоқ. Мен жасырақ кезімде сондай жүлделерге қуанатынмын. Шынын айту керек. Ал енді қазір менің біраз мем­лекеттен алып келген көптеген жүлдем бар. Енді олар сыйлық ретінде өзімді ғана қуантады. Егер еліңе, жеріңе ешқандай қуаныш әкеліп жатпаса, онда мұндай сый­лықтардың түкке керегі жоқ. Мен жүлде үшін жұмыс істемеймін. Істегім келгенін, айтқым келгенін түсіремін. Мақсатым - өз еліме, өз көрерменіме ұнау, көпшілікке ой тастау.

- Алдағы уақытта көрермендер сізден қандай шок күтеді?

- Шок дейсіз бе... Басында жоспарым трилогия түсіру болатын. «Келін», «Шал», енді үшінші фильм «Кенже» деп аталады. Қазір соған сценарий жазып қойдым. Бұйырса, келесі айда картинаны түсіруге кірісемін. Сонымен осы трилогия бітеді. Ары қарай қандай дүниелерді қолға алатынымды көре жатармыз.

- Әңгімеңізге рақмет!

Автор: Болатбек МҰХТАРОВ

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1969
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2326
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1906
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1562