Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3494 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 10:43

Семейдің көшелеріне берілген есімдер: библио-маршрут

31 мамыр. Бұл күн еліміздің тарихындағы ерекше маңызды күн болып, тарихқа енді. Себебі,  Ел Президенті Н. Назарбаевтың «31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы» Жарлығы орсан зор саяси және адамгершілік құндылыққа ие құжат болды. 31 мамырда  бүкіл еліміз мыңдаған адамдардың, тұтас халықтардың тағдырын тауқыметке салған тоталитарлық жүйе құрбандарын еске алып, тағзым етеміз. Бұл айтулы мерекеге Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы  «Семей көшелеріне есімдері берілген тұлғалар» тақырыбында библио-керуен өткізді. Шара барысы «Семавтопарк» ЖШС мекемесінің келісімімен қаладағы № 2, 3, 5, 9, 10, 11, 22 бағытты автобустарда және аялдамаларда  өткізілуімен ерекшеленді. Қаладағы бағытты автобустар жолаушыларына арналған шараның басты мақсаты: Семей көшелеріне есімдері берілген саяси қуғын-сүргін көрген, зобалаң жылдары атылып кеткен және із-түзсіз жоғалып кеткен Алаш қайраткерлерінің қоғамдық қызметімен, шығармашылығымен таныстыру, халқымыздың тарихына құрмет көрсету, жастарға Отансүйгіштік тәрбие беру, елімізде оқу мәдениетін дамытуға атсалысу.

31 мамыр. Бұл күн еліміздің тарихындағы ерекше маңызды күн болып, тарихқа енді. Себебі,  Ел Президенті Н. Назарбаевтың «31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы» Жарлығы орсан зор саяси және адамгершілік құндылыққа ие құжат болды. 31 мамырда  бүкіл еліміз мыңдаған адамдардың, тұтас халықтардың тағдырын тауқыметке салған тоталитарлық жүйе құрбандарын еске алып, тағзым етеміз. Бұл айтулы мерекеге Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы  «Семей көшелеріне есімдері берілген тұлғалар» тақырыбында библио-керуен өткізді. Шара барысы «Семавтопарк» ЖШС мекемесінің келісімімен қаладағы № 2, 3, 5, 9, 10, 11, 22 бағытты автобустарда және аялдамаларда  өткізілуімен ерекшеленді. Қаладағы бағытты автобустар жолаушыларына арналған шараның басты мақсаты: Семей көшелеріне есімдері берілген саяси қуғын-сүргін көрген, зобалаң жылдары атылып кеткен және із-түзсіз жоғалып кеткен Алаш қайраткерлерінің қоғамдық қызметімен, шығармашылығымен таныстыру, халқымыздың тарихына құрмет көрсету, жастарға Отансүйгіштік тәрбие беру, елімізде оқу мәдениетін дамытуға атсалысу. «Семавтопарк» ЖШС мекемесінің  аталған бағытты автобустары жүретін немесе кесіп өтетін, қуғын-сүргін құрбандарының аттары берілген көшелерге өмірлерін халқымыздың бірлігі жолына арнаған Шәкерім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Райымжан Мәрсековтердің өмір тарихынан қысқа дерек жазылып, автобустардың қабырғаларына  ілінді. Автобустағы және аялдамадағы жолаушыларға айтулы күннің маңызы, бүгінгі шараның мақсаты туралы ақпараттар беріліп, «Семей көшелеріне есімдері берілген тұлғалар» тақырыбында  Алаш арыстарының өмірі мен шығармашылығы туралы дайындалған буклеттер, бетбелгілер, ақпараттық беттер тартылды. Бұл ақпараттарда қуғын-сүргін құрбандарының  фотосуреті, дүниеге келген және өмірден қайтқан жылы,  ату жазасына не үшін және қашан бұйырылған уақыты, қай жылы ақталғандығы туралы қысқаша мәліметтер берілген. Қысқа болса да берілген ақпарат қала тұрғындарының халқымыздың тарихын құрметтеуге, танымал есімдер туралы терең оқып білуге қызығушылықтарын тудырады деген ойдамыз. Сондай-ақ, әр ақпараттың соңында  «Құрметті жолаушылар, Сідерді Семей өлкесінің тарихи тұлғалары туралы  ақпараттар  қызықтырса,  Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасына хабарласыңыздар» деген сөзер мен кітапхананың толық мекен-жайы көрсетілді. Ел тарихындағы маңызды күнге арналған бұл  шараны өткізуіміз  жұртшылықтың тарихи тұлғаларды танып-білуіне қосқан біздің аз да болса үлесіміз болмақ.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=622:-----l-----r------&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1958
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2257
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1857
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550