Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3358 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 10:41

Алматы қаласындағы Гете-Институтының сыйға тартқан кітаптары: тұсаукесер

2012 жылдың 30 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Қазақстандағы Гете-Институтының директоры Барбара Френкель-Тонет, осы институттың Кітапхана және Информация бөлімінің басшысы Шолпан Естайқызы Қызайбаева және волонтер Катина Клэнхардт қонақта болып, кітапхана оқырмандарымен жүздесті. Кітапхананың шетел әдебиеттері бөлімінің Алматы қаласындағы Гете институтымен әріптестік  байланысының нәтижесінде  кітапхана қоры оқырмандарға қажетті әдебиеттермен толықты. Шетелдік қонақтар кітапхананың шетел әдебиеттері бөліміне түрлі ғылым саласындағы  неміс тілінде жарық көрген 137 кітап пен 2 электронды ресурсты тарту етіп, тұсаукесерін өткізді. Тарих, елтану, анықтамалық сөздіктер, педагогика, психология, методика, экономика, өнер, балалар әдебиеті және көркем әдеби кітаптар қатысушыларға таныстырылды. Тұсаукесерге қаламыздың мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының шет тілі пәні мұғалімдері мен шет тілдері факультетінде оқитын студенттер, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.

2012 жылдың 30 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Қазақстандағы Гете-Институтының директоры Барбара Френкель-Тонет, осы институттың Кітапхана және Информация бөлімінің басшысы Шолпан Естайқызы Қызайбаева және волонтер Катина Клэнхардт қонақта болып, кітапхана оқырмандарымен жүздесті. Кітапхананың шетел әдебиеттері бөлімінің Алматы қаласындағы Гете институтымен әріптестік  байланысының нәтижесінде  кітапхана қоры оқырмандарға қажетті әдебиеттермен толықты. Шетелдік қонақтар кітапхананың шетел әдебиеттері бөліміне түрлі ғылым саласындағы  неміс тілінде жарық көрген 137 кітап пен 2 электронды ресурсты тарту етіп, тұсаукесерін өткізді. Тарих, елтану, анықтамалық сөздіктер, педагогика, психология, методика, экономика, өнер, балалар әдебиеті және көркем әдеби кітаптар қатысушыларға таныстырылды. Тұсаукесерге қаламыздың мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының шет тілі пәні мұғалімдері мен шет тілдері факультетінде оқитын студенттер, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды. Шара барысында  Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының директоры Уссербаева Роза Советханқызы сөз алып, Гёте-Институты қызметкерлеріне сыйға тарқан кітаптары үшін алғысын білдірді, тұсаукесер қонақтары Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің өкілі Ян Гозинг,    Қазақстандағы Гёте-Институты директоры Барбара Фраенкель-Тонет, осы институттың Кітапхана және Ақпарат бөлімінің басшысы - Шолпан Естайқызы Қызайбаева да сөз сөйлеп кітапхана мен кітапхана қызметкерлеріне, шараға қатысушыларға өз алғыстарын білдіріп кітапханаға өздерімен бірге ала келген тағы да бірнеше кітаптар мен дискілерді тарту етті. Қаламыздағы Неміс орталығы «Возрождение» қоғамы мен «Айн-хайт» ансамбьлі қонақтардың құрметіне өз өнерлерін көрсетті.  Шара соңында қаламыздың «Қайнар» университетінің неміс тілі пәні мұғалімі Рахима Ашкенқызы қонақтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=621%3A2012-06-04-04-15-26&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1969
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2326
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1906
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1562