Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
3283 1 пікір 11 Тамыз, 2021 сағат 15:17

Өзбекстан: Cайлауға бойкот жариялауға шақырды

"Өзбекстанда биыл қазан айында өтетін президент сайлауы Шавкат Мирзияев басында тұрған саяси топтың кезекті көрсетілімі". Осылай деп елдегі оппозициялық "Эрк" партиясы 9 тамызда мәлімдеме жасады.

Партия лидері Мухаммад Салихтың айтуынша, бұл жолы да "марионетка-партиялар" Ислам Каримовтің тұсындағыдай президенттікке өз үміткерін ұсынады.

"Ал партиялар диктатор Каримовтің кезіндегідей дауыстарын Мирзиявқа береді", - деді Салих.

"Эрк" партиясы 2019 жылғы парламент сайлауына және биылғы президент сайлауына әрекет етті. Бірақ елдің әділет министрлігі партияны ресми тіркеуден бас тартып, оның мүшелерін қуғындаған.

"Эрк" партиясы атынан президент сайлауына түсем деп мәлімдеген әнші Жахонгир Атажанов биыл маусым айында үміткер болудан бас тартты.

2020 жылы қаңтарда Өзбекстанның әділет министрлігі "Эрк" партиясын тіркеуден бас тартып, өлке аймағында қызметін жалғастыруға рұқсат бермеді.

Өзбекстанда президент сайлауы биыл 24 қазанда өтеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2002
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2428
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1988
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1580