Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2698 0 пікір 2 Маусым, 2012 сағат 09:34

«Ханнан да қадірлімін туған елге»

3 маусым күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы композиторы, тарлан ақын, қуатты әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ханнан да қадірлімін туған елге» атты концерті өтеді. Онда Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Нұржан Жанпейісов, Ерлан Ырысқали, Ерлан Құжиманов, Жасұлан Базарбеков, Талғат Әбуғазы, Самат Исаев және тағы басқа әншілер өнер көрсетеді. Астанадан Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші ақын Кәкімбек Салықов, әйгілі әнші Қайрат Байбосынов, Көкшетаудан өнер зерттеушісі, жыршы-жырау, ақын Жұмабай Есекеев, Ақмола облыстық халық шығармашылық оралығының директоры, талантты әнші Саян Мұхамедияр кешке арнайы келеді деп күтілуде.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері режиссер Сағызбай Қарабалинның сахналауымен Үкілі Ыбырайдың өмірінен қойылымдық көріністер көрсетіліп, сыбызғы мен қобыз, домбыра аспаптарымен күйлер де ойналады.

2010-шы жылдан бері «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса әндерінен концер ұйымдастырған болатын. Алда игі бастаманың жалғасы ретінде Балуан Шолақ, Естай, Әсет, Мәди, Қапез, Кенен, Нартай, Жамбыл әндерінен концерт өткізу жоспарлануда.

Концерт 18.00-де басталады.
Байланыс телефоны: 87713008479, 3888067
Электронды мекен-жай: adyrna@bk.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1970
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2331
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1909
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1562