Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2808 1 пікір 10 Тамыз, 2021 сағат 13:33

Миллионер Балушкинге іздеу жарияланды

Салық органы «Азия Авто» АҚ және «БИПЭК Авто Қазақстан» акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жариялады.

Бас прокуратура порталының мәліметіне сәйкес, бизнесмен тергеуден жасырынып жүргендер тізімінде тұр.

Балушкинді Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті іздестіріп жатыр.

Forbes ақпараты бойынша 2020 жылдың желтоқсан айына дейін 65 миллиард теңге жинақтаған.

Өткен жылы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Балушкин басқарған автомобиль концернімен ынтымақтастықты тоқтатқандықтан және компанияның 10 жыл ішінде алған преференциялары мен жеңілдіктерін 405 миллион доллар мөлшерінде қайтаруды талап еткендіктен дағдарысқа тап болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдегендей, компания өндірісті жаңғырту бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Сот талқылауларынан кейін LADA және Kia шетелдік серіктестері «Азия Авто» кәсіпорнында өз автомобильдерін құрастыруды тоқтатты. Зауыттың 2 мыңға жуық қызметкері жұмыссыз қалды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608