Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 8139 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:58

4 МАУСЫМ ҚАНДАЙ КҮН?

4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Биыл бұл айтулы датаға 20 жыл толады. Біле-білген адамға елеулі күн. Мемлекеттік рәміз елдігіңнің белгісі, тәуелсіздігіңнің нышаны. Туды, Әнұранды, Елтаңбаны қастерлеу кім-кімнің де борышы екені айтпасақ та түсінікті. Мемлекеттік рәміздер күніне орай ел аузында, жұрт назарында жүрген бірқатар азаматтарға хабарласып, 4 маусым күні аталып өтілетін мереке жайлы сұраған едік.

Гүлмира  ЕСІМБАЕВА, Мәжіліс депутаты:

- Алло, Гүлмира Естайбекқызы, сәлеметсіз бе? «Халық сөзі» газетінен хабарласып тұр едік. Сізге қоятын бір сауалымыз бар.

- Иә, тыңдап тұрмын, қоя беріңіз.

4 маусым қандай күн екенін білесіз бе?

- Мемлекеттік рәміздер күні.

- Мемлекеттік рәміздер туралы заңымыз қай жылы қабылданды?

- 1990 - 1993 жылы аралығындағы 12-ші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес осы мемлекетік рәміздер туралы заңды, Тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Ең алғаш Конституциямызды  қабылдаған Жоғарғы Кеңес болатын. Мен сол Жоғарғы Кеңестің мүшесі болдым. Аталған  заңдарды қабылдаған 360 депутаттың бірі мен едім.

Нұрлан АБДУЛЛИН, әнші:

- Нұрлан, 4 маусым - еліміз үшін елеулі күн. Айтулы дата. Қандай мереке екенін біліп отырсыз ба?

- ?

- Мемлекеттік рәміздер туралы заң қашан қабылданып еді?

- Дұрыс қабылданды.

- Қай жылы қабылданды?

- Сен маған не сұрақтар қойып жатырсың өзі? Жақсы сау бол!

Айман МҰСАХОДЖАЕВА, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

- Ел өмірінде 4 маусым күнінің орны ерекше. Бұл қандай күн екенін білесіз бе?

- Білмедім.

- Мемлекеттік рәміздер күні. Рәміздеріміздің бірі Елтаңбаның авторын білесіз бе?

- Білем ғой. Өзіміз ұлттық комиссияда отырамыз ғой. Бірақ қазір есіме түспей тұр.

- Басқа рәміздеріміздің авторларын ше?

- Білемін, Әнұранымыздың әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған өзіміздің патшамыз.

Әзірлеген - Нұрмұхаммед МАМЫРБЕК

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1958
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2264
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1860
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550