Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Билік 3002 3 пікір 10 Тамыз, 2021 сағат 12:39

Тоқаев: Спорт саласына шұғыл реформа қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысты пікір білдіріп, спорт саласына шұғыл түрде реформа жасау қажеттігін айтты. 

«Токиода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 93 спортшы қатысты. Жеңіске жету жолында бар күш-жігері мен шеберлігін көрсеткен атлеттерге алғысымды білдіремін. Олимпиаданың қола жүлдегерлерін құттықтаймын. Бұл ұзақ уақыт бойы жүргізген табанды жаттығулардың жақсы нәтижесі»,- деп жазды Президент.

Президенттің айтуынша, бұл жолғы Олимпиада көрсеткіші спортты дамытуға бөлініп отырған қыруар қаражатқа сай емес. Сондықтан да, спорт саласына шұғыл түрде реформа жасау қажет.

«Ұлттық құрамның Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет.

Алайда, 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді»,- деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Париж Олимпиадасында лайықты нәтижеге қол жеткізу үшін бұл жолғы қателіктерді қайталамау керектігін айтты.

«Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керек»,- деді Президент.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1256
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1154
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1025