Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3039 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:13

Джулиан Ассанжды Швецияға экстрадициялау туралы үкім бекітілді

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Британияның Жоғарғы соты Викиликс сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжды зорлық-зомбылық көрсетті деп айып таққан Швецияға экстрадициялау туралы үкімді бекітті.

Бұл туралы хабар арнасы мәлімдейді.

Осылайша, Ұлыбританияның Жоғарғы соты компромат королі үміт артқан апелляцияны қабылдамай тастады. Ал, Ассанждың адвокаттары оны қамау туралы ордерге швециялық судья емес прокурордың қол қойғанын алға тартқан еді. Енді Ассанж екі аптадан кешіктірілмей Швецияға қайтарылуы тиіс. Дегенмен, Ассанж адвокаттарының екі апта ішінде дәл сол Жоғарғы сотқа тағы бір апелляция беруге мүмкіндіктері бар. Кейіннен олар тергеу амалдары кезінде экстрадициялау туралы үкімді кейінге қалдыра алатын Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сотқа да жүгіне алады. Осылайша, Ассанж ісі бірнеше айға созылуы мүмкін. Осыған дейін де Ассанж 540 күнді үй қамауында өткізді. Ол ең алғаш рет Лондонда 2010 жылы, Викиликс сайтында Ауғанстандағы соғысқа қатысты құпия мәліметтер жарияланғаннан соң қамауға алынды. Оған Швецияда екі әйелді зорлаған деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1854
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548