Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3407 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:07

Бүгін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін, 2012 жылдың 1 маусымында республикада Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады.

ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде құрылған №11-інші Ұлттық бірыңғай тестілеуді қабылдау орнында болады деп күтілуде.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 121 мың адам қатысады, бұл республика мектептеріндегі түлектердің жалпы санының 78 пайызын құрайды, деп хабарлады ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен.

Бірыңғай тестілеу маусымның 1-інен 15-іне дейін ҰБТ-ні қабылдаудың арнайы жабдықталған 154 орнында өтеді. ҰБТ-ні өткізудің 107 орны аудан орталықтары мен қалалардағы мектеп ғимараттарында, 47-сі - облыс орталықтарындағы және Астана, Алматы қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында орналасқан. Тестілеуді өткізу үшін анағұрлым сапалы жағдайларды құру үшін 10 бекет жаңа ғимараттарға көшірілді.

ҰБТ қорытындылары бойынша түлектер білім гранттарын тағайындау байқауына қатыса алады. Бұл үшін олар тестілудің қорытындылары бойынша 50-ден кем балл алмауы тиіс («Жалпы медицина» мамандығы бойынша - 55 балдан кем емес), соның ішінде бейінді пән бойынша - 7 балдан, қалған пәндер бойынша - 4 балдан кем болмауы керек.

0 пікір