Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3504 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:04

Мектеп жасындағы балалар арасында ауру көрсеткіші жоғары деңгейде сақталып отыр

АСТАНА.  1 маусым. ҚазАқпарат -  Мектепте білім алатын балалар арасындағы ауру көрсеткіші жоғары деңгейде сақталуда.

Бүгін 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Парламент Мәжілісінде «Заңнама және тәжірибедегі қазақстандық балаларды жан-жақты қорғау жолында» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференция барысында депутат Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді.

Депутат Д. Назарбаеваның пікірінше, мектеп жасындағы балалар жағдайын айқындайтын көрсеткіш аса алаңдатарлық және кешенді шешімді талап етеді. «Бұл ретте ең алдымен ерте бастан диагностикаға, сондай-ақ балалар ауруларының алдын алуға баса мән беру керек. Президент халық топтарының денсаулық жағдайын қадағалаудың ұлттық бағдарлама кешенін енгізу туралы міндет жүктеді. Бұл мәселе Мәжіліс депутаттарының ұдайы назарында. Әсіресе, жоғары сапалы медициналық көмекті қажет ететін ауыр науқас түрлері бойынша қамтылатын мәселелерге баса назар аудару қажет»,-деді Д. Назарбаева.

Сонымен қатар депутат, балалар денсаулығын сақтау мәселесінде оларды 100 пайыз спортқа тарту шарасының ерекше маңызды екенін, сондай-ақ осы ортада салауатты өмір салтын ұдайы насаихаттау қажеттігін жеткізді.

0 пікір