Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2854 1 пікір 4 Тамыз, 2021 сағат 16:08

Нұрислам қолаға таласады

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады деп жазады Olympic.kzке сілтеме жасап Abai.kz.

Санаев финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумармен белдескен болатын.

Тартысты кездесуді Нұрислам жақсы бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ.

Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнділік балуан әдіске көшті. Нәтижесінде, Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты.Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1980
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2366
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1940
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571