Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4209 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 12:04

Ташкентте Төле биді еске алу күні өтті

ТАШКЕНТ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Өзбекстанның астанасында Төле бидің құрметіне арналған шаралар өтті.

Күннің бірінші жартысында Төле би жерленген «Төле би - Шайхантаур» кешенінде атақты ғұламаның ұрпақтары мен Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің, қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. Жиналғандар атақты биді еске ала отырып, құран бағыштады. Кейін ташкенттік мейрамханалардың бірінде жергілікті имамдардың қатысуымен ас берілді.

ҚазАқпараттың тілішісіне сұхбар берген Өзбекстандағы республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев атап өткендей, орталық жыл сайын мамыр айының соңында өзінің өсиеті бойынша Ташкентте жерленген атақты бабамыз Төле бидің аруағына бағыштап осындай шаралар ұйымдастырады. Бүгінгі күні де бұл үрдіс дәстүрге айналған.

Сонымен қатар, аталмыш шараға Төле бидің оныншы буындағы ұрпағы - Дарханбек Кәлменов қатысты.

0 пікір