Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021
Жаңалықтар 2637 1 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 19:09

Амандық Баталов Олимпиада жүлдегеріне құттықтау жолдады

Қазақстандық зілтемірші Игорь Сон Токио Олимпиадасының қола медаліне ие болды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтау жеделхатын жолдады.

«XXXII жазғы олимпиада ойындарында үлкен нәтижеге қол жеткізуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Барша қазақстандықтармен бірге жетісулықтар да сіз қатысқан доданы ерекше толқыныспен тамашалады. Біздің үмітіміз бен сенімімізді толық ақтап, қазақстандық ауыр атлеттердің әлемнің мықты спортшыларының қатарында екенін дәлдедіңіз.

Біз Сізбен мақтанамыз және қола медаль үшін рахмет айтамыз. Бұл жеңіс - аса тартысты спорттық жарыста Сіздің шеберлігіңіз бен жаттықтырушылардың еселі еңбегінің жемісі. Алматы облысы тұрғындарының атынан Сізге мықты денсаулық, спортта жаңа белестер мен жеңістер тілеймін!» - делінген телеграммада.

Спортшы 61 кг-ға дейінгі санатта жетістікке жетті. Бірінші турдан кейін ол аралық төртінші орынды иеленді. Алайда, содан кейін ол үшінші болуға мүмкіндік беретінзілтемірдің салмағын көтеріп, жеңіске жетті.  Барлығы ол 294 (131+163) кг зілтемірді көтерді

Айта кетейік, Игорь Сон 16.11.1998 жылы туған. Өз кезегінде Бастөбе ауылының тұрғындары жерлесі үшін өте қуанышты және құттықтауларын жариялауда.

- Бүгін, 2021 жылғы 25 шілде, бәріміз үшін айтулы күн: ауыл әкімін сайлау күні және жерлесіміз Игорь Сонның Токиодағы (Жапония) Олимпиада ойындарындағы жеңісі. Игорьді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің ауданда мықты спортшылар көп. Жаңадан сайланған әкім болашақ чемпиондарға үлкен көңіл бөлгенін қалаймыз, - деді  Бастөбе ауылының тұрғыны Владимир Ли.

Игорь Сон Спорттық атағы бар: ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Спорттық жетістіктері: 2019 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Паттайя қ. (Тайланд), 2019 жылғы "Катар Кубогы" Халықаралық турнирінің чемпионы Г. Доха (Катар), 2020 жылғы Халықаралық турнирдің чемпионы Ташкент қ. (Өзбекстан), 2021 жылғы Азияның лицензиялық чемпионатының қола жүлдегері Ташкент қ. (Өзбекстан), Токио-2020 ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Abai.kz

1 пікір