Сенбі, 27 Сәуір 2024
Саңлақ 4536 2 пікір 24 Шілде, 2021 сағат 16:35

Олимпиада: Алғашқы жүлде - Елдоста!

Дзюдодан Қазақстан командасының  көшін Елдос Сметов бастады. Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд спортшысы Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.

Осылайша Елдос өз қанжығасына Токио Олимпиадасының қола медалін байлады.

Abai.kz

2 пікір