Жұма, 18 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107134. Жазылғандар — 101610. Қайтыс болғандар — 1671
Жаңалықтар 1879 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 14:07

Сүйенеріміз – тарихи- ғылыми негіз

Павлодар қаласының және облысының атауларын өзгерту туралы «Айқын» газетінде кейінгі күндері жарияланып жатқан пікірлер елді елең еткізді. 1998 жылдан осы мәселеге үн қосып, баспасөзде мақалалар жариялап, әр кездері облыстың әкімдері Ғ. Жақияновқа, Қ. Нұрпейісовке және Е. Арынға арнайы хат жазып жүрген мені бей-жай қалдырмады. Тағы да өз пікірімді көп талқысына ұсынып отырмын.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері сөз көп, іс жоқ бұл мәселенің шешілмей келе жатуының екі үлкен себебі баршамызға белгілі. Бірі - өңірдегі демографиялық ахуал, яғни ұлтымыздың санының аздығы, көптің тізеге салуы, екіншісі - қазақтың өзінің бұл мәселеде бірауызды болмауы. Ұсыныс көп, бірінің айтқанына бірі көнбейді.
Павлодардың атауын өзгертуге байланысты Абылайкент (Абылайхан), Баянтау, Бұқар жырау, Ертіс (Ертіскент), Кереку, Қимақ (Қимақия, Қимақкент), Қыпшақкент, Сарыарқа, Сырлы қала деген сияқты біраз ұсыныс түскені, осы ұсыныстарды беруші қазақтардың өздері бір тоқтамға келмей жүргені аяққа тұсау болып отырғанда, енді Қонаев, Нұркент, Нұрарқа деген ұсыныстар қосылды.

Павлодар қаласының және облысының атауларын өзгерту туралы «Айқын» газетінде кейінгі күндері жарияланып жатқан пікірлер елді елең еткізді. 1998 жылдан осы мәселеге үн қосып, баспасөзде мақалалар жариялап, әр кездері облыстың әкімдері Ғ. Жақияновқа, Қ. Нұрпейісовке және Е. Арынға арнайы хат жазып жүрген мені бей-жай қалдырмады. Тағы да өз пікірімді көп талқысына ұсынып отырмын.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері сөз көп, іс жоқ бұл мәселенің шешілмей келе жатуының екі үлкен себебі баршамызға белгілі. Бірі - өңірдегі демографиялық ахуал, яғни ұлтымыздың санының аздығы, көптің тізеге салуы, екіншісі - қазақтың өзінің бұл мәселеде бірауызды болмауы. Ұсыныс көп, бірінің айтқанына бірі көнбейді.
Павлодардың атауын өзгертуге байланысты Абылайкент (Абылайхан), Баянтау, Бұқар жырау, Ертіс (Ертіскент), Кереку, Қимақ (Қимақия, Қимақкент), Қыпшақкент, Сарыарқа, Сырлы қала деген сияқты біраз ұсыныс түскені, осы ұсыныстарды беруші қазақтардың өздері бір тоқтамға келмей жүргені аяққа тұсау болып отырғанда, енді Қонаев, Нұркент, Нұрарқа деген ұсыныстар қосылды.
Енді осылардың қайсысына тоқталамыз дегенге келсек, қай ұсыныстың да ең алдымен тарихи ғылыми негізі болуы керектігі ескеріле бермейтіндігі қайран қалдырады. Осы ретте «Айқында» биылғы 22 мамырда жарияланған ұсыныстардың ішінде «Нұр Отан» партиясының хатшысы, саясаттанушы Ерлан Қарин мырзаның «Нұркент» пен «Нұрарқаның» астарын да түсініп отырмын. Дегенмен мәселені талдай қарасақ, ономастикалық саясаттағы мақсат - бір атауды екіншісімен механикалық түрде ауыстырып, әйтеуір қазақы атауды беру емес, белгілі бір тарихи зерттеулердің нәтижесінде аймақтардың төл атауларын қалпына келтіруі тиіс деген пікірі өте орынды. Облыс әкімі Қ.Нұрпейісовке осы мәселемен 2004 жылғы 26 шілдеде жазған хатым 2004 жылғы 12 тамызда облыстық ономастика комиссиясында талқыланып, Баянтау, Кереку, Қимақ, т.б. ұсыныстарды саралай келе, комиссия мүшелері бірауыздан «Қимақ» атауына тоқталып отыр деп хабарлады сол кезде «Сарыарқа самалы» газеті «Қаланың атын өзгертетін уақыт жетті» деген тақырыппен комиссияның осы отырысынан берген есеп мақаласында. Сонымен қатар газет облыстық ономастика комиссиясы бұл мәселеге сол 2004 жылғы қазан айында қайта оралып, тағы да пысықтай түсуге ұйғарғанын жазған. Мәселені түпкілікті шешуді сол қазан айына қалдыруға Павлодар облысының аумағында тарихи ғылыми деректер іздеп, байыпты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары өз жұмыстарының қорытындысын қазан айына қарай беретіндігі себеп болыпты. Газет облыстық ономастика комиссиясының отырысында Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, археолог тарихшы Ж.Артықбаевтың «Қазіргі уақытта Павлодар облысының төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бұл мәселе толық пісіп жетілген жоқ. Зиялы қауым өкілдері бір тоқтамға келуі керек, қаланың атын «Қимақ» немесе «Қимақия» деп өзгерту қажет. Бұған уақыт және нақты дәлелдер қажет. Қазір зерттеулер жалғасып жатыр, тоқетер жауабын қазан айында береміз» деген сөзін келтірген. Бірақ жағдай әлі сол қалпында тұрғанына қарағанда, мәселе тарихи ғылыми дәлелдің жеткіліксіздігінде немесе ұсыныстардың көптігінде емес, демографиялық ахуалға байланысты саясатшылдықтың салдары.
«Кереку» атауын қолдайтындар «кереку» сөзі көне түрік жазбаларында «үй, мекен» мағынасын беретіндігін уәж етеді. Солай болғанымен, оның нақты қала атауына қандай қатысы бар. «Кереку» Коряков атауының қазақ тілінің ыңғайына қарай бейімделіп кеткен түрі екендігі (жазушы Қ.Исабаев) талай айтып жүр емес пе. Тіпті баяғыда осы жерде «кереку» деген көне халық өмір сүріпті, қазір олар тундраны жайлайды (жазушы А.Жақсыбаев), тіпті Африкада патшалық құрған бір династия «кереку» (сенатор, академик философ Ғ.Есім) екен деген де қисын айтылды. Осының бәрі құлақ үйреніп қалған «Кереку» атауын қалай да негіздеу үшін ойлап табылған жасанды уәж сияқты көрінбей ме? Керекуді «кукареку» деп келемеждейтін де пікірді қалай ескермей тұра аламыз. Ақмоланы Астанаға өзгертудің бір себебі қала атауын осындай сан-саққа жүгіртуге жол бермеу болғанын Елбасы «Еуразия жүрегінде» деген кітабында атап көрсеткені бар. Ал «Қимақ» атауы Қазақстан тарихының академиялық басылымында көне картада тұр. Ал академиялық басылым дегеннің мән-маңызын оқымысты қауым жақсы біледі. Осы орайда облыстық әкімшілік түрлі сала мамандарын, қоғам қайраткерлерін жинап арнайы ғылыми талқылау ұйымдастырып, түскен ұсыныстарды талдап, бір нақты шешімге келгені жөн болмас па?
Енді Қимақ атауының тарихи ғылыми негізділігіне дәлел келтірейін.
Ел Тәуелсіздігінен бес жыл бұрын 1987 жылы шыққан «Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия» 2 -томның Павлодар қаласы туралы мәлімет беретін 443-бетін қарасақ, «Павлодар, Кереку - қала (1861 жылдан), облыс орталығы (1938 жылдан). Қазақстанның солтүстік шығысында. Ертіс өзенінің оң жағын ала орналасқан. Іpгecі 1720 жылы Коряковский қамалы деген атпен қаланды. 1838-1861 жылдар арасында Коряков станицасы атанды» дегеннен басқа мардымды тарихи дерек таппаймыз. Бұл кітап тоталитарлық кеңес заманында шыққандықтан басқа деректің болмайтыны түсінікті де. Ал Коряков станицасы Романовтар әулетінің Ресей империясы патшасының тағына отырғанына 250 жыл толуы қарсаңында екінші Александр патшаның қазақ даласына қыдырып қайтқан немере інісі ұлы князь Павел Николаевич Романовтың құрметіне 1861 жылы Павлодар (Павел сыйы) қаласы атанғаны тарихтан мәлім. Бұл оқиғаны жазушы Зейтін Ақышев 1978 жылы шыққан «Жаяу Мұса» романының 370-384-беттерінде «Құрғақ қасық» деген тарауда көркем баяндап берген. Бұрынғы Қызылжар да сол жолы осы патша әулетінің құрметіне Петропавл (Петр-Павел) атанып шыға келді. Патшалық та, кеңестік те отарлау саясаты жергілікті халықтың үрім-бұтағының тарихи жадынан байырғы топонимдерді өшіpy арқылы рухани мәңгүрттік, құлдық ахуал қалыптастыра алатындарын жақсы білген. Сондықтан да халық санасынан елдік рухты өшіруді ең алдымен жер-су атауларын өзгертуден бастаған.
Петропавлдың Қызылжар екені даусыз. Ал Павлодардың бұрынғы аты Коряковтың қазақшаланған Керекуден басқа атауы бар ма? Бар. Оны өз халқымыздың төл тарихынан табамыз. Осы ретте Елбасы Н.Назарбаевтың жұртымыздың зиялы қауымы алдында сөйлеген сөзінде айтқан мына бір ойлары жолбасшы бола алады. Президент былай деген еді: «Қазақстан жеріндегі ежелгі мемлекеттер, олардың болашақ қазақ ұлтымен сабақтастығы деген мәселелер әлі терең зерттелмей келеді. Сақтардың, Ғұндардың, Үйсіндердің, Қаңлылардың мeмлeкeттepі, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Оғыз қағанаттары, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда, Жошы ұлысы, Қазақ хандығы... Осылардың әрқайсысына арнаулы монографиялар жазылса да артығы жоқ... Мұны айтып отырғаным - қазақ даласының, Қазақстан жерінің көне тарихын саудаға салып, біз осы өлкенің ең байырғы тұрғындары екенімізге күмән келтіpгіcі келетіндер табылады. Қазақстан тарихшылары, археологтары біздің аумақтық тұғыр-тиянақтарымызды нақты дәлелдермен, қолмен қойғандай етіп бере алатынына ешқандай күмән жоқ.
Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ,
журналист-заңгер,
Қазақстанның мәдениет қайраткері.
АСТАНА
«Айқын» газеті

0 пікір