Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
5833 0 пікір 19 Шілде, 2021 сағат 12:22

Қажылық басталды: вакцина алғандарға ғана рұқсат

Мұсылман қауымы үшін жексенбіде Меккеге қажылық сапар басталды деп хабарлады саудиялық "Ихбария" телеканалы.

Қажылық сапар екі жыл қатарынан коронавирус пандемиясына байланысты шектеулі түрде жүріп жатыр. Биыл бұл іс-шараға тек жергілікті тұрғындар мен Сауд Арабиясында тұратын шетелдік азаматтар ғана қатыса алады.

Биыл 60 мың адам ғана парызын орындай алады. Пандемияға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық мұсылман баратын. Саудия билігі маусым айында зияратқа 18-65 жас арасындағы COVID-19-ға қарсы екпені толық алған азаматтарға ғана рұқсат берілетінін жариялаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 81
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 57