Сенбі, 4 Мамыр 2024
2759 0 пікір 15 Шілде, 2021 сағат 11:55

Грузияда 4 телеканал премьер отставкасын талап етті

Грузияда төрт оппозициялық телеканал телеоператор Лексо Лашкараваның өлімінен кейін үкімет отставкасын талап етіп, эфирлерін тоқтатты.

Сәрсенбі күні Грузияның "ТВ-Пирвели", "Мтавари архи", "Формула" және "Кавкасия" телеканалдары 5 шілдеде зардап шеккен 52 БАҚ қызметкерінің тізімін ғана эфирге берді. Сол күні ЛГБТ маршына қарсы топ Тбилисидің орталық алаңында бүлік ұйымдастырған. Нәтижесінде марш өтпей қалды.

Сол шабуыл кезде "ТВ-Пирвели" телеоператоры Лексо Лашкарава қатты соққы алған. Алты күн өткеннен кейін ол пәтерінде қаза тапты. Сейсенбі күні оны жерлеген.

Содан бері оппозициялық телеканалдардың қызметкерлері Грузия премьер-министрі Ираклия Гарибашвилидің отставкасын талап етіп жатыр.

Себебі гей-парад өтер алдында Гарибашвили маршты ұйымдастырушыларды сынға алған. Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, журналистерге шабуыл жасаған бес адам ұсталған.

Премьер Гарибашвили 37 жастағы телеоператордың өлімін трагедия деп атап, кінәлілердің жазаланатынын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1086
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 982
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 722
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 838