Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3023 0 пікір 25 Мамыр, 2012 сағат 09:37

Тұрсын Жұртбай: «Ассамблеяны тарату керек»

Доктринадағы диаспоралар елдің экономикасы, идеологиясына ғана емес, енді ғылымы мен мәдениетіне ықпал етуде деп есептейді филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай.

- Аға, өзіңіз де естіп жатқан шығарсыз, жуырда Өскемендегі басылымдардың бірі Алаш арысы Мұстафа Шоқайды «фашистердің құйыршығы» деп тілдеген соң, ақын Қасымхан Бегманов ұлт намысын қорлағандарды сотқа берген. Бірақ, соттан «жеңіліп» қалды.

- Сонда сот шешімімен Мұстафаны «фашист» дегендер ақталып шықты ғой?

- Иә, солай. Бұған не дейсіз?

- Өзіне де сол керек!

- Кімнің өзіне?

- Мемлекеттің. Өз мемлекетінде өзінің азаматын қаралап, тілдеп, сатқын деп жариялауға жол берген өзімізге де сол керек! Бұл - соттың ұятсыздығы. Біздегі сот жүйесінің шірігендігі, намыссыздығымыз.

- Өткенде Әнұранның жайын көрдіңіз. Парламент қазір мемлекет рәміздерін қорлағандарға жаза қолдану тұрғысында заңды қарастырып жатыр. Бірақ, десе де, ұлттық намысты таптау оқиғалары жиілеп барады. Осыған қалай тосқауыл қоюға болады?

- Бірінші, Қазақстан халқы ассамблеясын жою керек. Өйткені, бұл саясаттың түпкі негізі - соларда. Бізде дін, тіл, жалпы ішкі идеология Қазақстан халқы ассамблеясына көшкен. Ғылым дамыту жөнінде оларға бағдарлама берілген. Мәдениетті дамыту жөнінде де солай. Мәселен, қазір фильм түсіру керек болса, тапсырысты солар береді. Сонда Білім және ғылым министрлігі қайда? Мәдениет министрлігі ше? Олар немен айналысады? Доктринадағы көрсетілген дисапоралар қазір Қазақстанның экономикасын былай қойып, идеологиясын былай қойып, енді ғылымы мен мәдениетіне ықпал етіп отыр. Олар бюджет арқылы ақша алып жұмыс істейді. Сонда әлгі министрлер немен айналысады?

Сұхбаттың толық нұсқасын www.arasha.kz cайтынан - http://arasha.kz/post/811 оқи аласыздар!

0 пікір

Үздік материалдар