Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2846 4 пікір 13 Шілде, 2021 сағат 14:58

Министр Сұлтанов: Күзге дейін картоп бағасы арзандайды

Күзге дейін картоп бағасы айтарлық арзандауы мүмкін. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Сұлтановтың айтуынша, сәбіз бен картоптың қымбаттауына Ресейдің импортты көбейтіп жіберуі себеп болған.

"Біздегідей сәбіздің қымбаттауы көрші Өзбекстанда да қайталанды. Өйткені Қазақстан және Ресей Федерациясы да Өзбекстаннан импортты көбейтіп жіберді. Сондықтан сұраныс көп болған соң, оларда да баға қымбаттады. Ал бүгінгі таңда картоп бағасы төмендеп жатқанын байқап отырмыз. Енді күзде бұдан да айтарлықтай арзандағанын күтеміз. Сәбіз бағасы да солай", - деді Бақыт Сұлтанов.

Бұған дейін министр картоп пен сәбіздің қымбаттауына байланысты Орталық Азия елдеріне барып келген болатын.

"Біз өзара қамтамасыз ету үшін форфорвардтық келісімдер жасаймыз. Мысалы картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақты бізге жеткізеді, ал жеміс-жидек піске уақытта біз оларға жеткіземіз. Бұл елдерге экспорттық бағаның көлемін де болжап отырмыз",- деген болатын Сұлтанов.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар