Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3086 0 пікір 24 Мамыр, 2012 сағат 09:35

Болат Дүйсембі. Ұлт мүддесін қорғау - әр қазақтың борышы

Қазіргі көкірегі ояу, көзі ашық азаматтарды да, қалың жұртты да алаңдатып жүрген жай, біраз қордаланып қалған, бірақта шешімін әлі күнге дейін таппай жүрген қазақ ұлтының мәселелері екені белгілі. Сол мәселелердің шешілуіне ықпал жасай алады деп үміт артқан ұлттық ұйымдар мен тұлғалардың да халықтың көңілінен шыға қоймағандығы  ел ішінде түрлі пікір тудыратыны хақ. Өткен ғасырдың 90 - шы жылдарының басында ұлт мүддесін қорғауға барша қазақты оятуға талпынған Советқазы Ақатаев, Әркен Уақ, Қасен Қожа Ахмет, Жағда Бабалықұлы және тағы басқа танымал  ұлтшыл азаматтардың ісін 2005 - жылдардан бастап  көптеп құрылған ұлттық ұйымдардың белсенділік көрсетіп қазақ халқының намысын қорғауды  жалғастырғаны белгілі. Бірақ кейінгі кездерде ұлттық ұйымдардың белсенділігінің төмендеп, ұтымды іс - әрекеттерінің сұйылып, үндерінің шығуы сиреді. Халық арасында туындаған пікірлеріне құлақ ассақ осындай жағдайдың пайда болуына ұлт мүддесін қорғап жүрген тұлғалардың бастарының бірікпеуінен көреді.

Қазіргі көкірегі ояу, көзі ашық азаматтарды да, қалың жұртты да алаңдатып жүрген жай, біраз қордаланып қалған, бірақта шешімін әлі күнге дейін таппай жүрген қазақ ұлтының мәселелері екені белгілі. Сол мәселелердің шешілуіне ықпал жасай алады деп үміт артқан ұлттық ұйымдар мен тұлғалардың да халықтың көңілінен шыға қоймағандығы  ел ішінде түрлі пікір тудыратыны хақ. Өткен ғасырдың 90 - шы жылдарының басында ұлт мүддесін қорғауға барша қазақты оятуға талпынған Советқазы Ақатаев, Әркен Уақ, Қасен Қожа Ахмет, Жағда Бабалықұлы және тағы басқа танымал  ұлтшыл азаматтардың ісін 2005 - жылдардан бастап  көптеп құрылған ұлттық ұйымдардың белсенділік көрсетіп қазақ халқының намысын қорғауды  жалғастырғаны белгілі. Бірақ кейінгі кездерде ұлттық ұйымдардың белсенділігінің төмендеп, ұтымды іс - әрекеттерінің сұйылып, үндерінің шығуы сиреді. Халық арасында туындаған пікірлеріне құлақ ассақ осындай жағдайдың пайда болуына ұлт мүддесін қорғап жүрген тұлғалардың бастарының бірікпеуінен көреді.

Ал ұлттық мүддені қорғауға байланысты мәселелерді шешу жолындағы кемшіліктерге баға берген кездерде ұлтым деп жүрген жүрегі таза азаматтарды кінәлаудан гөрі, сол кемшіліктің туындауына әкелетін себептердің тереңде жатқан тамырына үңілген дұрыс сияқты. Сондықтан да, қоғамдағы туындап отырған ұлттық мәселеге ғалымдардың да жедел  ат салысып батылдықпен олардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын ұсыну олардың азаматтық борышы екенін айтар едім. Еліміздің тәуелсіздік алып, егеменді ел болуы қазақ кауымының қоғамдағы көзқарасына, өміріне үлкен өзгерістер әкелгенін мойындауымыз қажет. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары отарлық саясаттың ықпалында білім алып, рухани тәрбие көрген қазақ азаматтарының бірден өз бағыттарын айқындап алуы олардың білімімен қоса өз халқының рухани, адами құндылықтары мен тарих тағлымын қаншалықты бойларына сіңіргеніне байланысты болды. Бұл тек қазақтарға ғана тән құбылыс емес, өйткені осы жағдайды әлемдегі отарлау бұғалығынан босаған барлық халықтар бастарынан кешкен және кешеді де. Осы табиғи құбылыс заңының салдарынан, қазақ азаматтарының ұлт мәселесіне келгенде пікірлері мен ұстамдарына байланысты үш бағыттағы топқа бөлінуді басынан кешіргені белгілі.

Бірінші топ, қазақтардың көпшілігі тәуелсіздікті ата - бабаларның аңсаған арманына қол жеткіздік деп қолдаған, пікірі мен ұстамы - отарлық саясатының зардабын жою, қазақ халқының жоғалып бара жатқан рухани құндылықтары мен тарихын жаңғырту мен қатар адамзаттың даму жолындағы қол жеткізген жетістіктерін тиімді пайдалану арқылы тәуелсіз мемлекет құрып, қазақ халқын жаһандану ықпалынан жойылып кетпеуін көздеу еді. Бұл топқа тән ерекшелік сезімге(эмоцияға) берілу әсерінен ұлт мүддесін қорғау іс- әрекеттерінде кейбір қателіктердің орын алуы .

Екінші топ, қазақтардың енді бір бөлігі тәуелсіздікті қуана қарсы  алғанымен, көңілдерінде қазақ елі тәуелсіз мемлекет бола алама, кешегі үстемдік құрған  алпауыт елдің ықпалынан құтылуға мүмкіндік барма, қазақ халқы дамыған елдердің көмегінсіз өзін өзі билейтіндей деңгейге көтеріле ме деген олардың сенімсіздіктері мен күдіктері басым болды. Өйткені бұл пікір иелерінің көпшілігі ұлтының рухыннан ада орыс тілді қазақтар мен қатар отарлық дәуірдің рухани ұстамынның шеңберіннен аса алмайтын, кеңес өмірінің әлеуметтік қызығын пайдаланып келген ғылым, мәдениет, өндірістік технология саласындағы интелегенция мен білім беру және билік жүйесінің өкілдері еді. Бұл топқа тән ерекшелік ұлт мүддесін толық түсінбеу, әректтерінде жігерлік пен батылдық жетіспеуі және компродорлық бағыт ұстануы болатын.

Үшінші топ, қазақтардың тағы бір бөлігі тәуелсіздікті жақтағанымен жігері тапталып азаматтық санасы оянбаған, саяси мәселе төңірегіне  жоламай  әліптің артын бағып өздерінің жеке бас мүдделерін ғана ойлап, қоғамдағы барлық жағдайларға көнбістік жасап, еш нәрсеге араласпайтындар болды. Бұл топқа тән ерекшелік қанға сіңген құлдық мінезден арылуға шамалары жетпей, өздерінің жаңа қоғамда азаматтық деңгейге көтеріле алмауы еді.

Осындай  жағдайда қазақ ұлтының мәселелерін көтеріп белсенділікпен халықтың санасын ояту бірінші топ өкілдерінің еншісінде болды. Ал осы ұлтшыл азаматтардың  еш біреуінің  ұлт мәселесінің тиімді шешілуіне  ықпал ететіндей мүмкіншіліктері болмады.         Олар не билік маңайында, не бизнес маңайында болмағандықтан және билік пен қаражаты бар топ өкілдерінің қолдауын таппағандықтан тек билікке ұлттық намыстың тапталмауына талаптар қоюмен және қазақтардың намыстары мен сезімдерін оятумен болды. Қазақ ұлтшылдарының стратегиясы мен тактикасын айқындайтын, қазақ қауымының ішіндегі түрлі әлеуметтік топтардың мүддесі мен ұлттық мүддені үйлестіре қамтылған бағыт, бағдарлама болмады. Ұлтшылдардың жүйелі іс - әрекеттерге бармай, негізгі бағыты біржақты уақ - уақ рухани мәселелер көтеру ғана болып, әлеуметтік мәселелерге  көңіл аудармағаны белгілі. Бұл ұлттық қозғалыстардың маңайына халықты топтастыру арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін, биліктегі компродорлық cаяси элита жүргізіп отырған ұлттық саясатқа тосқауыл қоя алатындай күш деңгейіне көтеріле алмауына алып келді. Сондықтан ұлттық қозғалыстар бір орнында тұрмай диалектикалық даму заңына байланысты өзі өткен жолдарынан сабақ алып келесі  саты биігіне көтерілуі тиіс. Ол сатыға көтерілу үшін ұлт мүддесін қорғап жүрген азаматтарға ең алдымен жанына қанша ащы тисе де өз кемшіліктерін мойындап одан құтылу жолдарын іздеу қажет. Қай заманда болмасын, қай елде болмасын ұлт мүддесі үшін күресетін  азаматтар алдыңғы орынға өз халқының әлеуметтік ахуалын қойумен қатар, рухани құндылықтар мен азаматтардың құқықығын қорғау мәселелерін бір - бірінен ажыратпай тең ұстай білген. Оны Алаш арыстарының бағдарламасынан да көруге болады. Халықтың «Ораза намаз тоқтықта, аш болсаң сәлдең қалар боқтықта» деген сөзінде өмір сүру заңдылығының үлкен фәлсафасы жатыр. Қазаққа жаны ашыған әр азаматтың бірде бір қазақ баласының қарны ашпай, қары талмай, қабырғасы қайыспай, көкірегі шерленбей, көзінен жасын ағызбай өмір сүруіне әкелетін жолға үлес қосуы - азаматтық борышы және ол үшін өзіне ақы, атақ, мадақ, сый - сыяпат тілемеуі шарт.

Ұлттық қозғалыстардың жіберіп отырған қатесі өздерінің тарихи миссиясын анықтай алмағандықтан, оппозициялық саяси топтардың ықпалында болып, өздерін олардың ұпай  мен электорат жинауға бағытталған саяси ойыншығына айналдыруы. Ешбір саяси партия барша халықтың мүддесін қорғамайды. Партиялар барша халықтың өкілі бола алмайды, қайта халықтың біртұтастығына кері әсер етеді, өйткені олар өз мүшелері мен соңына ерген шағын қолдаушыларының мақсатын орындау үшін азғана топтың билікке келуіне немесе билікке ықпал жасауына қызмет етуімен халықты бөлшектейді. Ұлт мәселесі әрқашанда партиялар көтеретін мәселелерден жоғары тұруы, оның мемлекетқұрушы халықтың мүддесін толықтай қорғайтындай мемлекет құруға адал қызмет ететініне байланысты  болуы заңдылық. Ұлт мүддесін қорғауға келгенде де кейбір ұлтшыл азаматтардың ұлт мәселесін қорғау тек ұлтшылдарға тиесілі заттай меншіктеулері де бар. Бұл істерің қате «бәленше» де ұлтшыл десе, алға тартатын уәждері - Ол кім? Қашан митингіге барды? Қашан көшеге шықты? Қайда, не істеді?Кімге қарсы не жазды? Қанша үндеу жолдады? Оны кім естіді? ... с.с. т. б.  Митингі, пикет, аштық жариялау ол нақтылы әлеуметтік, азаматтық құқықтарды қорғауға байланысты қолдануы дұрыс болғанымен ондай жолмен ұлтқа байланысты мәселелер шешілмейді. Ұлт мәселесі барлық қазаққа ортақ өте нәзік және күрделі мәселе, оны ұлтшылдар болсын, билік пен саяси оппозициядағылар болсын, Президент болсын меншіктей алмайды, өйткені ол әр қазақтың қайда жүрсе де, кім болса да өзіне тікелей қатысы бар жеке тағдырына байланысты құқы. Ұлт -  деп айғайлап жүрген мен сөйлеймін, басқа сөйлемесін деу қате. Ұлт мәселесі бір күнде бұйрықпен немесе айғай, даумен, ия болмаса тұлғалардың беделімен шешілмейді. Ұлт мәселелерінің шешілуі халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруымен қатар, оның ұлттық рухани санасы мен азаматтардың белсенділігінің өсуіне және биліктің өз халқының мүдесін қорғауда қаншалықты  адалдығына, батыл қадамдарға баратын жігерлілігіне  байланысты. Сондықтан ұлт мұддесін қорғауға бағытталған іс - қимылдар білімділікті, біліктілікті, тазалықты, парасаттылық пен төзімділікті және саяси сауаттылықты тілейді. Пендешілік әрқашанда адамды адастырады. Бағыты бір, мақсаты ұлттық мүддені қорғау үшін жүрген адам әрқашанда қазақ азаматтарының бірлігін жоғалтатын ойсыз қадам жасаудан сақтануы қажет. Өмір шындығы бәріміз бір ғана ұйым немесе жүйе шеңберінде бір тұлғаға жүгінсек қана мақсатқа жетеміз деп ойлау қоғамның табиғи даму заңдылығына және психология табиғатына да қайшы, яғни ондай қадам құлдырауға әкеледі. Мақсат бір бағыттағы көптеген ұйымдардың бірлесіп, келісе отырып бір арнада жұмыс істеуі. Адамдар қоғамдағы өмір сүру заңдылығына байланысты әрбір салаларда, ғылым, білім,  билік жүйелерінде ұжымдық психология ықпал ететін жағдайда өмір сүреді. Осыған байланысты өмірге деген көзқарастарында, ұстанымдарында әртұрлі ұғым мен мінез - құлықтарында бояулар болғанымен өз тегіне(ұлтына) деген сезімі жүрегінде сақталады, өшпейді. Әр адамның жүрегіндегі осы нәзік ұшкынын сөндірмей оны лаулап жанатын мәңгі отқа айландырған да ғана халқымыз мәңгі жасап жаһандану үдерісіне өзін жұтқызбайды. Ұлтым деген азаматтардың арманы да, мақсаты да осыған жету болса, онда қазақ халқы мәңгі жасайды. Сондықтан, мынау биліктің адамы, анау оппозицияның адамы, тағы бірі «бәленшенікі», «түгеншенікі» деп араға ши жүгірту қазақтың басының қосылмауына бағытталған  әрекет. Мемлекет қазақтікі оған ешкімнің таласы жоқ, ал билікте компродорлық элита отыр екен деп алауыздыққа жол беру қателік. Халқы үшін жүрегі қан жылайтын азаматтар билікте де, оппозицияда да, басқа салаларда да жетерлік, оларды алаламай бірігіп ұлтымыздың тәуелсіздігін мәңгі сақтап қалатын жол іздеуіміз қажет. Билікке де, егер ертең оппозиция билікке келсе оғанда ұлт мүддесін риясыз орындатуға ықпал жасай алатын қоғамдық күш  болуы қажет. Ол билікке бару үшін күресетін күш емес, ол билікке қазақ халқының арманын, мақсатын орындатып, әрқашанда билікке ықпалын жүргізетін күш болуы керек. Бұл деңгейге жету үшін қазақтардың ұлттық сезімдерінің негізінде қоғамдық сана қалыптастыру қажет. Қоғамдық сананы саясаткерлер қалыптастырады деген ұғым қате, оны адамзаттың өткен сапарындағы ұлттардың қалыптасу заңдылығы көрсететіні белгілі. Қоғамдық сананы өз ұлтының мұң - мұқтажын жан - тәнімен сезінетін  алдыңғы қатарлы қазақ зыялылары(ойшыл - философтар, ақындар,  жазушылар, өнер саласы, мәдени майдан өкілдері, ғалымдар, білім беру саласындағы ұстаздар, тарихшылар) қалыптастырады. Ұлтшылдар өз халқының мәдениетінің, әдебиетінің, дәстүрлі өнерінің, ғылымының, білім беру саласының неолиберализм бағытының  зыян әкелетін ықпалына ұшырамауына  көңіл аударуы қажет. Сондықтан, аса маңызды мәселе келешек ұрпақты өз халқының салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тарих тағлымдарын бағалап, бойына сіңірумен бірге адамзат өркениетінің тиімді жетістіктерін меңгерген рухы биік, жігерлі, ары таза, білімі зор, білікті, парасатты азамат деңгейінде тәрбиелеу қажет. Өз халқының рухани байлығынан сусындап ұлтын сүйе білген парасатты азамат ел намысын ешкімге таптатпайды және өзі де ешқашанда басқа халықтың намысынна тимейді. Қазақ халқының намысын басқаларға таптатпаудың жолы қазақтардың өздері басқалардан білімімен, біліктілігімен, парасаттылығымен, жігерлі батылдығымен жоғары тұруға ұмтылып, сол деңгейге жеткен мықтылығымен маңайын мойындатуы қажет. Сонда ғана қазақ өз ұлтының мерейін арттыра алады. Бос сөзден гөрі қиында болса іске көшкен жөн болар.

Басты міндет ұлт мүддесі үшін пендешілікті қойып, біріміздің қатемізді біріміз кешіруді үйреніп, ынтымақпен басыммыз қосылған күшке айналайық. Бірінші, қазақтың бірлігін бекітейік. Екінші, түркі тілді тегіміз бір халықты бауырымызға тартып, қуатымызды арттырайық. Үшінші, ұлт мәселесіне келгенде елімізде тұратын өзге халықтардың өкілдеріне  қазақ ұлтының мәселелері шешілмей олардың мәселелері шешіледі деген бос сөз, уақыт ұтуға бағытталған аярлық саясат екенін түсіндіру қажет. Мемлекет құрушы халықтың мүддесі қорғалмаған елде ешқашан басқа халық өкілдерінің құқы қорғалмайды.

Осыны жерлестерімізге ұғындыра білсек, онда олар біздің одақтастарымызға айналады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1415
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1247
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1006
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1072