Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2251 0 пікір 23 Мамыр, 2012 сағат 07:28

Әміржан Қосанов. Ұлттың ұтуы бар, ұтылуы бар...

немесе миллиардтарын мыңғыртқан олар қазақ тілін қайтсін?

Қазіргі қоғамда әлі ешкім жауап бере қоймаған бір сауал бар: ұлттық консолидация (бірігу) бола ма әлде болмай ма? Болса, ол үшін қандай алғышарттар керек?

Меніңше, мәселенің екі жағы бар.

Біріншіден, бізде, қалыптасқан дәстүрге сай, ең басты саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі ойыншы - билік боп қалуда. Сол биліктің көзқарасына көп нәрсе байланысты. Дәл қазір ондағы басым күштер сол ұлттық деңгейде бірігу туралы бас қатырып жатқан жоқ!

Басым күштер дейтін себебім мынада: биліктің ішінде де ұлттық мәселенің басымдығын сезіп қана қоймай, жан-тәнімен қолдайтын азаматтар бар. Бірақ олардың күші аздау сияқты. Өйткені, бізде кім меншік иесі - сол билік иесі боп алды. Оның үстіне меншігің неғұрлым көп, ықпалың да соғұрлым арта түседі.

Сондықтан таза саяси һәм қоғами мәселелерді шешуде де корпоративтік субъективизм орын алуда. Яғни, трансұлттық капиталдың ықпалы басым, «шетелдік инвестиция» деген желеумен Қазақстан экономикасының төріне озып кеткендер Ақордаға жақынырақ боп тұр! Долларға табынған олар теңгенің мұңын жоқтамайды! Ағылшынша және қытайша контрактілерге қол қойып, миллиардтарын мыңғыртқан олар қазақ тілін қайтсін! Басқа жағын айтпай-ақ қояйын!

Сондықтан бірінші алғышарт орындалу керек: биліктің өзі кешегі бір партияның ғана сойылын соққан қасаң идеологияның ескіріп, тозған шинелінен шығып, жаңа заман талаптарына сай жаңаша ұстанымдарды ашық та айшықты түрде анықтап алуы тиіс! Ондай бастамасыз барлық әңгіме - далбаса!

Бірақ бәрін тек қана биліктің өзіне теліп қою қазіргі заманда дұрыс болмас. Қоғамның да азаматтық белсенділігі артып келеді. Көп жағдайда ол биліктің қалауынсыз да өз позициясын айқындап алуда. Тәуелсіз БАҚ-тардың аудиториясы кеңеюде. Мемлекетттік емес ұйымдар саны артуда, олар қоғам өміріні барлық дерлік салаларын қамтуда. Соның арқасында жаңа тұлғалар елге танылып, қоғамдық ойдың көшбасшылары пайда болуда. Бұл, сөзсіз, қоғамның дамуы үшін оң әсер ететін факторлар.

Ұлттық мәселені көтеруде бізде екі нәрсе жетпейді. Бірі - табандылық, екіншісі - тереңдік. Көп жағдайда жалаңұраншылдық пен боскөкіректік орын алып кетеді. Сол жеңілтектік ұлттық идеяның қадірін басқа жұрт алдында қашырып та жүр.

Оның үстіне тағы бір кемшілік бар: ұлттық идеяны тек қана таза гуманитарлық тұрғыдан (тіл, тарих, мәдениет пен өнер) қарастыру әдеті орнығып қалған. Экономика мен әлеуметтік өмірдің басқа да өзекті мәселелерінің назардан тыс қалып қоюда. Саясат - экономиканың шоғырланған көрінісі боп табылса, ұлттық идея сол экономикадан неге бөлек болуы керек?! Ұлттық идеяның ашыла түсуіне бұл өте-мөте қатты кедергі келтіріп тұр!

Біз экономикаға жетік, интеллектуалды ұлт қатарына кіре алатын болсақ ғана халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті ұлт бола аламыз. Сондықтан экономикадағы қоғами мүдде ұлттық идеяның басты ұстындарының бірі болуы тиіс. Және де ол алдымен халыққа тиесілі қазба байлықтарды сатудан түскен қыруар қаржыны сол халықтың пайдасына жарату туралы әңгімеден бастау алары сөзсіз.

Елдегі бас меншікке ие болмай, кез келген ұлт өз тағдырына ие бола алмайды!

«Заман түлкі болса, тазы боп шал» дегенді жиі айтсақ та, қазіргі жаһандану мәселесіне де тым тұрпайы да қарабайырлық тұрғысынан қарайтын сияқтымыз, оның терең астарына көп мән бермейміз. Керісінше, осынау объективті түрде орын алған процеске бір түрлі теріс көзқарас бар.

Меніңше, дәл осы жерде жаһандануды жатсынып, оған біржақты қарау дұрыс емес. Мәселен, ұлттық идеяны анықтап алу мен жүзеге асырудың басқа елдердегі жай-жапсарын жете зерттеп, озық тұстарын өз елімізде пайдаланудың еш әбестігі жоқ. Керісінше, сол мемлекеттердің өркениетті тәжірибесі талай теріс пиғылдағы адамдардың аузына қақпақ болар еді.

Осыған орай бір ой айтқым келеді. Қазір бізде билік пен саяси оппозицияны қарама-қарсы қойып, ымырасыз қарсылас ретінде көрсету дәстүрі қалыптасқан. Әрине, оппозиция болған соң, билікке ұмтылу керек, ағымдағы мемлекеттік саясатқа (заңдарға, қаулыларға, өкіметтің қимыл-әрекетіне) қатысты сын айтылуы тиіс. Өйтпесе ол не оппозиция болмақ?!

Бірақ бір қызық жайт бар: нақ осы ұлттық идея жөнінде билік ішіндегі прогрессивті бағыттағы оң күштер мен демократиялық партиялардың көзқарастары мен ұстанымдары ұқсас! Сондықтан неге осы факторды қоғамдағы ұлттық идеяның ортақ платформасын ұйымдастыру жолында пайдаланбасқа? Бұл да мықтап ойланатын мәселе! Әрине, бұл оңай шаруа емес, бірақ қоғамда сұраныс бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды ғой.

Ол үшін, кем дегенде, бір нәрсе қажет: билік те, оппозиция да бір-біріне қарай қадам жасауы тиіс сияқты. Билік өзінің оппозицияны менсінбеу, қудалау әдетінен арылмай, ешнәрсе өзгермейді!

Қазір - XXI ғасыр, яғни оның кез келген ұлтқа қояр талабы жыл сайын артып отырады. Экономикалық шекаралардың ашыла түсуі, қаржы мен меншік интеграциясының жаңа формалары да әрбір ұлтқа өзгеше шарттар қоюда. Оның үстіне тәуелсіз Қазақстан алдында жаңадан туып жатқан геосаяси сұрақтар да тұр! Оларды да елдің саяси егемендігі мен қауіпсіздігі тұрғысынан шеше білу - қоғамдағы түрлі күштерді біріктіре алатын шаруалар.

Мүмкін осы жалпы мемлекетке деген қауіп-қатердің ұлғаюы қоғамдағы әр-түрлі ойларды топтастырудың             идеясына арқау болар. Ол шаруаның баяндығы баршамызға - билікке де, биліктен бөлектерге де - бірдей байланысты.

Әзірше, мен жоғарыда айтқандай, бүгінгі биліктің шешуші күштерінен мен дәл осы жайттар қатысты алаңдаушылықты көріп тұрған жоқпын. Бәрі өз құлқынын ғана ойлап, қызметке қолы жетіп тұрған қысқа мерзімнің ішінде қалайша байып қалу мәселесін шешіп жатқан сияқты. Сіздің мемлекеттік мүдде туралы пафосыңызды олар түсінгісі келмейді де! Шенеуніктердің осы әдеттерін басқа біреулер геосаяси мақсатында пайдаланып жатқан жоқ деп кім маған кесіп-пішіп айта алады?!

Міне, көрдіңіз бе, бір мәселе күтпеген жерден екіншіге ұласып, соны сауалдар туғызып жатыр! Ал ол сұрақтарға жауапты кім бермек?

Осының бәрін ескеріп, ел мүддесі жолында оңтайлы шешім қабылдау үшін, ең алдымен, саяси ерік керек.

Бір нәрсе анық: елдің болашағы нақ осындай, қалыптан тыс көрінсе де, қажетті қадамдарда! Оны билік түсініп, тиісті шешімдерге бара ала ма, оны уақыт пен  өмір көрсетеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1402
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1235
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 991
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1065