Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Дей салдым-ау 6233 3 пікір 1 Шілде, 2021 сағат 12:52

Қытайдың «ішкі ақылы» һәм қала салу саясаты

Қытай мемлекеті қалаларды дамытуды жоспарлаған кезде, ел территориясын  төрт аймаққа бөліпті. «A», «B», «C», «D»  және т.б. деп...

Мемлекет тек «А» аймағына қомақты қаражат салады және ондағы жерлерді өз тұрғындары мен кәсіпкерлерден аса қомақты ақшаға сатып алады. Мұндай аймақта өмір сүрген адамдар дүниеге алтын қасық ұстап туылғанмен бірдей, олар сол жердің әрбір қарысын бір-бір уыс алтынға алмастырған дейді.

«А» зонадағы жерін босатуына орай, сәнді үй салуға жеткілікті дерлік ақша алған азаматтар шағын жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын жаман үйлерінен қуана көшіп, мемлекеттен алған ақшасымен «B» аймағына апарып инвестиция салады.

Басқаша айтқанда, «А» аймағының тұрғындары «В» аймағына  жер сатып алатын және жаңа пәтер салуға жеткілікті ақшамен барады. «В» аймағындағы адамдар олардан алған ақшаларын «D» аймағына салады.

Бірақ, әрине, мұның бәрі кез-келген жерге жетіп бару және үй салу деген секілді хаостық жолмен шешілмейді. Оның жол-жобасы, жалпы жоспарлауы  өте егжей-тегжейлі.

Сонымен қатар, қор биржасы арқылы алынған ақшасымен жоғарыда аталған аймақтарға лайықты қаржы құю қор биржасының қалыпты жұмыс істеуіне де мүмкіндік туғызады.

«Осындай да осындай, үлкен тұрғын үй кешені салынғалы жатыр. Сіз алдын ала қанша ақша салсаңыз, соғұрлым көп пайда табасыз. Егер сіз  сатып алатын пәтеріңізден көп ақша салсаңыз, сонша пайыздық мөлшерлемеде соншама жеке табыс табатын боласыз», - деген секілді жарнамалар да алдын-ала насихатталады.

Олар тек қала жоспарлауды ғана емес, елді де осылай дамытып келеді. Мәселен, Шыңжаңдағы Үрімжі қаласына оңтүстік-шығысындағы жүздеген ірі қалалар демеушілік жасады, олардың әрқайсысы бірнеше келелі құрылыстармен қаланың келбетін адам танымастай өзгертті.

Осылайша бір шетінен бастап жоспар бойынша, асықпай басқа бөліктерін дамытудың бұл әдісі «коконның тұт жапырақтарын жеуі» деп аталады.

Кокон - бүрге тәрізді кішкентай организм. Алайда ол пальма ағашының жапырақтарын бір шетінен ғана ақырын кеміріп отырып, жеп бітіріп қояды.

Неге бізге қытайлықтардың жерді босатып алу мен қала салуға деген  осындай саясатын жүзеге асырмасқа?

Бұл орайда мемлекеттен шығаратын алғашқы инвестицияға қажет үлкен қаржы дегеніміз - бұрынғы біздің әрбір үкіметтердің  шашқан  ақша жаңбырымен салыстырғанда  түкке де тұрмайтынын түсінуіміз керек.

Египет елі 45 миллиард долларға жаңа заманауи астана салатынын жариялады. Алайда қытайлықтардың ол қаланы салуға қатысуы туралы шешімі де жоғарыда аталған  ішкі даналығының көмегімен қаланы тұрғызып беретіні сөзсіз.

Адам саны тұрғысынан бізден бірнеше есе аз Кувейт елі де солтүстігінде 13 миллиард долларға «Жібек қала» салуға шешім қабылдап қойғанын да естіп-біліп отырмыз емес пе...

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

3 пікір