Сенбі, 4 Мамыр 2024
3071 4 пікір 30 Маусым, 2021 сағат 19:28

Ресейде вирустан көз жұму бойынша рекорд тіркелді

Ресейде соңғы тәулікте коронавирустық инфекциядан 669 адам қайтыс болды. Бұл вирустан көз жұмғандар арасындағы антирекорд болып отыр. Ақпаратпен Ресейдің коронавирусқа қарсы жедел штабы хабарлады. 

Вирустан көз жұмғандардың басым бөлігі елдің екі ірі қаласында тіркелді. Олар Мәскеуде 117 және Санкт-Петербургте 111 адамға тең.

Ресейде коронавирус құрбандарының жалпы саны 135 214 адамға жетті. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Ресейде COVID-19 вирусы 5,5 миллион адамнан анықталды, оның 5 миллионы сауығып, 799 860 науқас дәрігерлердің бақылауында қалып отыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1208
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1103
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 841
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 983