Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
46 - сөз 8119 7 пікір 29 Маусым, 2021 сағат 13:09

Орыс флотилиясын су түбіне жібереді

Шойгу Қырым жағалауындағы масқара үшін ағылшындардан кек алғысы келді: РФ ӘТК Queen Elizabeth бастаған Британия авиатасығыш жедел тобының жанынан оқу-жаттығу өткізбекші! Біліп қойыңдар біздің жігіттерді!
Оқу-жаттығу Жерорта теңізінде 26.06. күні, жедел топтан 30 км қашықтықта басталады.
Айбынды орыс флоты қаһарлы үш корабльден, екі-үш сүңгуір қайықтан және Хмеймим базасынан әкелінген бірнеше ұшақтан тұрады.
Оның құрамында:
- "Мәскеу" ракеталық крейсері, 1979 жылғы, су сыйымдылығы 11490т.;
- "Адмирал Эссен" және "Адмирал Макаров" фрегаты, 4035тоннадан;
- Дизелдік сүңгуір қайықтар "Старый Оскол" және "Ростов-на-Дону", 3950тоннадан;
- Бірнеше Ту-142МК ұшақтары, Ил-38, алысты бомбалаушы Ту-22М3 ұшағы мен МиГ-31К жойғыш ұшақтары.
Осының бәрі Дефендер жаққа қаратып барлық қару түрінен залп береді. Сосын, мүмкін, барлық теңізшілер бортқа көтеріліп қарғыс атқан НАТО жаққа қарата "кіш" етуі мүмкін )).
Осының бәріне мына құрамдағы натолық авиатасығыш CSG21 тобы қарап және күліп тұратын болады:
- авиатасығыш HMS Queen Elizabeth, бортында 36 истребитель F-35B және 14 әскери тікұшақ бар, су сыйымдылығы 70600т;
- эсминецтер ПВО HMS Diamond, HMS Defender, USS The Sullivans, 8400тоннадан;
- сүңгуірге қарсы фрегаттар HMS Richmond, HMS Kent, 4800тоннадан;
- сүңгуірге қарсы фрегат HNLMS Evertsen, 6050тонна;
- атом сүңгуір қайығы HMS Artful, 7300тонна.
Бір ғана "Королева Елизавета" авиатасығышы барлық айбынды орыс флотилиясынан 2,5 есе үлкен, ал барлық НАТО тобы су сыйымдылығы жөнінен 5 есе үлкен. Сондықтан олардың әрбір кораблінің өзі-ақ бүкіл орыс флотилиясын түгелімен, немесе басым бөлігін теңіз түбіне жібере ме деген қауіп бар.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2177
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2577
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2484
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1676