Жексенбі, 5 Мамыр 2024
6334 7 пікір 28 Маусым, 2021 сағат 11:49

Концертке рұқсат, тойға айыппұл ма, Бекшин мырза?

26 маусым күні Алматы қаласында дүркіреген концерт өтті. Иә, қате оқымадыңыз. Карантиндік шаралар күшейіп, вирус жұғу қарқыны артқан сәтте Алматы әкімдігі концерттің өтуіне рұқсат еткен. "Алматы Аренаның" алдында, мыңдаған адамды жинаған концерт салют атумен аяқталған. Құдды бір пандемия жоқ кезеңдегідей. 

Концертті "2Rar" атты лақап атымен жастар арасында танымал жас әнші Тұрар Ыдырыс өткізген. Оның ән кешіне өзінің жазуы бойынша 3,5 мың адам қатысқан. Бұл туралы ол инста парақшаында жазды. Концертте жас әнші өз репертуарындағы және басқа да танымал әндерді орындады. "Алматы Аренаға" жиналған жұртшылық әншінің алғашқы концертін барынша қолдап, жастар жағы қосылып ән шырқаған. Сондай-ақ оның ән кешінде Әміре, Садраддин, Мирас Жүгінісов, Таспай, т.б. орындаушылар келіп өнер көрсеткен. Ал концертті белгілі блогерлер Жансерік Қадырбаев пен Разюша жүргізген.

Әрине бұл концертте жастар ығы-жығы болып тұрғаны айтпаса да түсінікті. Ешқандай да әлеуметтік арақашықтықты сақтау да болмаған. Іркесе-тіркесе тұрған жастар қосыла ән салған сәтте ауа арқылы вирустың тарауы еселеп артатыны ақымаққа да түсінікті жайт. Көпшілігінде не маска, не антисептик болмағанын видеодан аңғару қиын емес. Қаншасы вакцина алғаны немесе алмағаны да белгісіз. Ондаған адам емес, мыңдаған адам.

Алматы қаласының әкімдігі қатаң карантиндік талаптарды ұстанып, көпшілік жиналатын орынға бармауға шақырады. Вакцина алуға үгіттеп, масканы тастамаңдар дейді. 50-60 адам жиналған тойларды анықтап, айыппұлды аямай салады. "Карантинді сақтау жолында" деп қатаң сөйлейді. Алайда осының бәрін жасай отырып, мыңдаған адам жиналған концертке рұқсат етеді. Бұл қалай? Логика қайда? Қарапайым халық пен әншіге арналған екі түрлі стандарт бар ма? Үнді штамы келіп, ТМД елдерін әбігерге салып жатқанда, қауіп артып, қатер көбейгенде концертке рұқсат ету ақымақтық қой.

Аталмыш концерт жайлы әкімдік түсініктеме бермеді. Қаланың бас санитары Жандарбек Бекшинде үнсіз. Көрмеген, аңғармаған, естімегендей.

Әкімдік "ашық аспан астында өтті" деп ақталу жағын қарастырып жатқан болар. Ондай жағдайда ашық аспан астынды той өткізуге, қуаныштарын атап өтуге де рұқсат етілуі тиіс. Сөзі мен ісі бір жерден шықпайтын әкімдіктің әрекетін түсіне алмай дал болудамыз.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1290
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1167
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 906
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032