Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Одақтастық ойы 5796 6 пікір 26 Маусым, 2021 сағат 13:41

ЕО басшылары: «Қош бол, Ресей, кірлеген!»

Еуропалық Одақтың мемлекет және үкімет басшылары Брюссельдегі саммитте Германия канцлері Ангела Меркельдің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу туралы ұсынысын қабылдамады. 

Еуропалық Одақтың 10-ға жуық елі идеяның өзін де, оның құрылымын да қабылдамаған. Кейінірек Меркель журналистерге келіссөздердің бірінші күнінен кейін ЕО елдері басшыларының Ресеймен саммит туралы келісімге келе алмағандарын айтты.

23 маусымда Financial Times Меркельдің ұсынысы туралы хабарлаған еді. Мақалада айтылғандай, Берлин Путиннің АҚШ президенті Джо Байденмен Женевада кездесуі Ресеймен қарым-қатынасты жандандыру үшін жақсы себеп деп санайды. Бастаманы Франция президенті Эммануэль Макрон да қолдаған.

Путинмен ортақ саммитке қарсы болғандардың арасында Литва мен Латвия басшылары болды. Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте мұндай кездесуге қатысуға ниет білдірмегенін, бұған 2014 жылы Донбасс қаласында MH17 ұшағының апатқа ұшырап, 192 голландиялық азаматтың қаза болуына байланысты екенін айтқан. Халықаралық тергеу тобының мәліметінше, бұл іске қазір Ресейде жүрген бірнеше адамның қатысы бар.

Литва президенті Гитанас Науседа: «Еуропа лидерлері деңгейінде Ресей-ЕО кездесуі болмайды. Біз арақатынастарымыздың күрделеніп бара жатқанын, Ресейдің агрессивті әрекеттерін көріп отырмыз», - депті.

Ал идея авторы болған Германия канцлері Ангела Меркель кеше ЕО елдерінің Путин мен кездесуге қатысты ортақ келісімге келе алмағанын мәлімдеген.

«Жеке басым, қандай да бір батыл қадамның болғанын қалар едім. Бірақ, бұл да жаман емес. біз жұмыс істеп жатырмыз», - депті Ангела Меркель.

Ал Латвия премьер-министрі Кришьянис Кариньш: «Кремль тек күштің тілін түсінеді. Кремль ерікті жеңілдіктерді күштің белгісі деп санамайды. Осының бәрі мынаны білдіреді: Ресей Кырымды аннекциялайды, Ресей Донбаста соғыс жүргізеді, ал Еуропа мойнын бұғып, Ресеймен диалог туралы сөз етеді», - депті.

ЕО басшылары жиын соңында Еуроомиссия мен еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррелге Ресейдегі азаматтық қоғамды қолдау туралы ұсыныс әзірлеуді тапсырыпты. Онан соң, Ресей мен оның басшылығы тарапынан қандай да бір агрессивті әрекеттер болса, оған қатысты шектеу шараларын, соның ішінде жаңа экономикалық санкциялар әзірлеуді тапсырған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1591
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1489
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1235
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1210