Сенбі, 18 Мамыр 2024
46 - сөз 7311 7 пікір 25 Маусым, 2021 сағат 16:38

Олигархтар астыртын әрекет етуде

Осы жаңа Сенат екі оқылымда Жер комиссиясының сәуірдегі шешіміне негізделген Жер туралы жаңа заңды қабылдады.

Енді Заң президентке қол қоюға жіберіледі. Егер ол қол қойса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап (Заңның күшіне енуі) ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің иелері заңды және жеке тұлғалардың аттары, ЖСН (БИН) барша қоғамға ашық, қол жетімді болады.  Мен Сіздерге қайдан, қалай компютердің кнопкасын басып қана өзіңіз іздеген мәліметті көруге болатынын көрсетемін. Бұл үшін мен 5 жыл тер төктім. Міне ашық жер кадарстры шындыққа айналып отыр. Кім тығылып үлгермесе, оған мен кінәлі емеспін)) Бұл біріншіден.

Екіншіден. Желтоқсанда ағытылып тасталған космомониторинг жүйесін біз бірге күш салып (бұған көмек көрсеткендерге рахмет) бірнеше апта бұрын қайта қостық. Қаржы министрлігінің ақпараттық-есептеу орталығы (qoldau.kz порталы) жігіттері жемісті еңбек етіп 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бос тұрған жайылым жерлер бойынша маңызды ақпаратты жария етті. Дәл осы ақпаратты 2020 жылғы 15 ақпанда ақпарат жүйесін өшіргендер жасырып қалғысы келді. Бос тұрған жайылым жерлер туралы ақпарат жарияланды:

https://lands.qoldau.kz/ru/lands-map/unused-pastures

Қазақстанда 2021 жылғы 1 сәуірде цифрлық технологиялар 46 млн гектар мақсатсыз пайдаланып жатқаны анықталды. Бұл біздің бабаларымыздан қалған нағыз байлық. Мұндай байлыққа әлемнің кез келген елі қызығады. Осы жайылымдарды дұрыс пайдалану арқылы-ақ біздің халық өте жақсы өмір сұруіне, барлық кредиттерін жауып, балаларын оқытуына, денсаулығын күтуіне болады.

Қазір ол жерлер латифундист-олигархтардың қолында. Біздің алдағы 2-3 жылдағы міндетіміз, заңға сай және қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды қолдана отырып оларды алдымен мемлекет меншігіне қайтару, одан кейін цифрлық технологиялармен (әкімдіктердің сыбайластық жайлаған жер комиссияларынсыз) жергілікті халыққа ашық түрде бөліп беруіміз керек.

Қазірдің өзінде біз бұл жерлердің иелеріне 10 есе және 20 есе салық салуынуын талап етіп, қадағалайтын боламыз. Мұның барлығы менің ұсынысыммен және Ұлттық кеңестің, президенттің қолдауымен тиісті заңнамалық актілерге жазылған.

Олигархат бұған қалай қарсылық көрсетіп жатыр? Кеше ғана депутаттар Рау ен Бекжанов үкіметке космомониторингті жүзеге асырушы Қржы министрлігі ақпараттық-есептеу орталығына қарсы депутаттық салау жолдады. Мен және Мұрат Әбенов олардың қарсылығын ақпараттық-есептеу орталығы өкілдерін қатыстыра отырып тікелей эфиде талқылауға шақырдық. Олардың қарсылығының мәні мен оған берілетін жауапты барлығы естісін. Депутаттар одан бас тартты, мен бұған таң қалған жоқпын.

Қысқаша айтқанда жұмыс – күрес жалғасуда. Олигархат астыртын әрекет етуде, біз ашық әрекет етіп жатырмыз. Ашықтық түбі жеңеді, қазірдің өзінде жеңіп жатыр. Біз мақсатымызға жетеміз! Және менің жоспарларым бір бұл ғана емес. Заңға президент қол қойғаннан кейін өзімнің басқа да нақты жоспарларымды жариялаймын.

Мұхтар Тайжанның жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646