Сенбі, 18 Мамыр 2024
46 - сөз 4582 3 пікір 25 Маусым, 2021 сағат 15:10

Мемлекет деген біз!

Қазақ халқы өзінің бодандық тарихында 360 тан астам ұлт-азаттық көтерілістер жасапты.

Егер осы деректің хронологиялық ретпен графикалық схемасын (кестесін) жасайтын болсақ, онда біз халқымыздың қай кездері қатты қиыншылықтарға тап болғаны, қай кезде біршама тұрақтылық болғанын анықтай аламыз.

Мұны білу өте маңызды.

Себебі, біз сол арқылы халықтың тыныс тіршілігі, көкейкесті арманы туралы және қазақ халқының қабылдайтын билік форматы т.т. көптеген құнды мағлұматтар аламыз.

Екіншіден, көтерілістерді туындатушы негізгі факторларды анықтай отырып, біз қазақ халқын басқарудың прогресті, не болмаса, регресті сипаттарын анықтаймыз.

Осыларды анықтай отырып, біз мемлекеттік тұрғыда дамудың, қазақ ұлтын дамытатын басқару тәсілдері қандай болуы керектігін анықтап, осы прогресті бағытта барлық ресурсты (мемлекеттік, халықтық, ұлттық т.т.) жұмылдырудың теориялық-практикалық тетіктерін іске қосуды жеңілдетер едік...

Қазіргі жағдайда наразылықтар бар.

Олар бірде шағын бірде зор митингілер не акциялар сипатында өтуде.

Бірақ, біз оны митингіге қанша адам қатысты деген өлшеммен өлшеудеміз. Иә, ол да маңызды. Бірақ

біз мемлекеттік даму мен халық өмірінің тамырын басамыз десек, онда әр жылғы наразылықтардың санына да назар аударуымыз керек.

Мейлі, ол жалғыз бір адам өткізген пикет болсын, бірақ есепке алынуы тиіс.

Сол арқылы біз көтерілетін маңызды мәселелер ауқымын анықтап, базасын жасап, өз дамуымызды болашақ қатерлерден қорғай алатын потенциалды күшке ие боламыз.

Әрине, ол үшін мемлекет жекеменшік емес, халықтық сипатта болуы керек.

Онын ұраны - Мемлекет деген біз.

Әбдірашит Бәкірдің жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653