Сенбі, 18 Мамыр 2024
2125 1 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 13:57

Қазақстандағы орташа жалақы 196,5 мың теңге

Биыл бірінші тоқсанда халықтың ақшалай табысы орта есеппен жан басына шаққанда 196,5 мың теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артық.

Қазақстан өңірлерінің арасында табысы көптер мегаполистерде, Нұр-Сұлтан (275,9 мың теңге) және Алматыда (246,8 мың теңге) тіркелді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында орта есеппен жан басына шаққанда 246 мың теңге көрсеткішімен Қарағанды облысы Алматыдан сәл артта қалды.

Табысы ең төмен - Түркістан облысының тұрғындары: 121,8 мың теңге. Бұл жетекші Нұр-Сұлтанға қарағанда 2,3 есе аз және Қазақстан өңірлері арасындағы кіріс деңгейі бойынша соңғылардың қатарында тұрған Жамбыл облысынан (151,8 мың теңге) 20 пайызға аз.

2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың ақшалай табысының үштен екісінен астамы еңбек қызметінен түскен табыстарға тиесілі: 136,5 мың теңге, оның 119,1 мыңы - жалдамалы жұмыстан, 17,4 мыңы - өзін жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен.

Ал әлеуметтік трансферттер бойынша - 30 пайыздан аз. Оның ішінде 43,7 мың теңге - зейнетақы, ал жәрдемақы, шәкіртақылар, АӘК және тұрғын үй көмегі 9,1 мың теңге болды.

Қалған кірістерге 7,2 мың теңгеден.

Бірінші тоқсанда ауыл мен қала тұрғындарының ақшалай кірісі арасындағы айырмашылық  қала тұрғындарының пайдасына 2020 жылғы 40,4 пайыздан 37,7 пайызға дейін төмендеді.

Қалалық жерлерде халықтың табысы 9,9 пайызға, орта есеппен жан басына шаққанда 221,3 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде 12,1 пайызға, 160,6 мың теңгеге дейін өсті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2336
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653