Жұма, 26 Сәуір 2024
4020 0 пікір 16 Маусым, 2021 сағат 14:20

Бүгін Байден мен Путин кездеседі

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі қаншада басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ пен Ресей президенттерінің Женевадағы кездесуі 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша 13.35-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 17.35-те) басталады деп хабарланды. Кездесу басталардан 10 минут бұрын Байден Путинмен және Швейцария президенті Ги Пармеленмен суретке түседі.

Делегациялар қатысатын Байден мен Путиннің кеңейтілген кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 18.55-те басталады, ал 20.40-та осы кездесудің екінші кезеңі өтеді.

Ақ үй мәліметінше, Байден Путинмен кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізеді.

Abai.kz

0 пікір