Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2006 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 10:11

Бала тууға тыйым салудан басқа жол жоқ па?

Оңтүстікте ана өлімімен күрес, үгіт-насихат жүргізу жұмыстары бұрын кісендеулі аттай кібіртіктеп тұратын. Бүгінде үгіт жүргізудің арқасында бұл жұмыстың көрігі қызып тұр. Тіпті бұл мәселе әкімдердің басына таяқ болып тиетін кездері де бар. Сондықтан да болар, алты айлық, жылдық есеп беру кезінде әкімқаралар бұл мәселені айналып өте алмайды. Әңгіртаяқтан аулақ болу үшін болар, әкімдер бүгінде қойын кітапшасының ең керекті бөлігіне осы мәселені түртіп қоятын болыпты.

Оңтүстікте ана өлімімен күрес, үгіт-насихат жүргізу жұмыстары бұрын кісендеулі аттай кібіртіктеп тұратын. Бүгінде үгіт жүргізудің арқасында бұл жұмыстың көрігі қызып тұр. Тіпті бұл мәселе әкімдердің басына таяқ болып тиетін кездері де бар. Сондықтан да болар, алты айлық, жылдық есеп беру кезінде әкімқаралар бұл мәселені айналып өте алмайды. Әңгіртаяқтан аулақ болу үшін болар, әкімдер бүгінде қойын кітапшасының ең керекті бөлігіне осы мәселені түртіп қоятын болыпты.

Бүгінде олар жауапты маман­дар­ды жүгіртіп, жүктілікке қарсы «май­дан» ашып жатқандай. Енді ана мен бала мәселесіне тек денсаулық сақтау саласының мамандары ғана емес, аудан, қала әкiмдiктерi тара­пынан арнайы «штаб» құрылып, жұ­мыс жа­салуда. Мүлде бала көте­руге бол­майтын әйелдердің тізімі тіпті әкім­дердің қатаң бақылауында бо­лады дейді дәрігерлер. Ол үшін ба­ланы жос­парлау кабинеттері барлық ау­дандарда ашылған. Денсау­лы­ғында кінәраты бар, бала көтеруге мүлдем болмайтын аналарға кеңес­тер бе­ріліп, контрацептикалық заттар тегін таратылады. Әрине, мұның бар­­­лығы да - ана мен бала өлімінің алдын алу үшін атқарылып жатқан ша­руалар. Дұрыс емес дей алмайсыз. Дегенмен бұл еліміз бойынша әрбір бесінші баланы дүниеге алып келетін оң­түстіктік аналардың құрсағына құ­лып салғанмен бірдей көрінетіні рас. Мұндайда «бөпе бумы» қайдан бол­сын? Әрине, ана мен бала ден­сау­лығы үшін жанұшырып жүгіріп жүр­ген дәрігерлердікі де жөн. Қан­дай жағ­дай болсын бала сүю бақы­тынан бас тарта алмайтын ана­ларға да кінә қоя алмайсыз. Таразы басын тар­тып кете беретін осындай жағ­дайда төре­лік айту да артық болар, әрине...

Бүгінде дәрігерлер де, мейір­бикелер де туу жасындағы аналарды қайта-қайта тексерілуге шақырып, үй-үйді аралап, шарлап жүр. Қазе­кем­нің «баяғыда сабан тасып жүріп босанып қалдымнан» басталатын әң­гімесі әлі де тыйылған жоқ. Жүкті әйелдер ерте есепке тұрудың орнына, ауруы әбден асқынғаннан кейін ке­леді. Оған дейін дәрігерлер халық ара­сында түсіндіру жұмыстарын жүр­­гізбей не бітіріп жүр дейтіндер де табылар. Алайда ана өлімінің алдын алуға баяғыда-ақ оңтүстік­қазақ­стан­дық ақ халаттылар бел буып, білек сыбанып кірісіп кетті. Оңтүстік Қазақ­стан облысы бойынша бала көтеру жасындағы 695 500 әйелдің 9 571-іне босануға мүлдем бол­майды. Өңір сәбилер санымен мақ­танғанымен, туу жасындағы әйелдер денсаулығы ең төмен аймаққа жатады.

Әрине, ауру анадан ауру бала туы­латыны анық. Тіпті созылмалы сырқаты бар аналардың босану үстінде бақилық болуы да ғажап емес. Сол үшін дәрігерлер бастап, әкімқаралар қостап шабылып жат­қаны тегін емес. Жуырда облыс әкiм­дiгiнде ана мен бала өлімінің алдын алу мәселесіне арналған жиын өткен болатын. Қатысу­шылар осы мәселені түртінектеп, жауап іздеді.

Балжан Исабекова, Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

- Облысымызда ана мен бала ден­саулығын жақсарту үшін барынша жағ­дай жасалуда. Бірақ соған қара­мастан жағдай мақтанарлықтай мәз емес. Босану жасындағы аналар­дың өз ден­саулықтарына жіті көңіл бөлмеуі ба­сым. Учаскелiк дәрiгер­лерiмiз әрбiр аяғы ауыр анаға хабар­ласып, тиiстi ем-домын қабылдауға шақырып жатады. Соның өзіне кел­мейтіндері бар. Өзi ауырса да, баласы ауырса да, асқын­дырып, әбден нашар­лағанда ғана ау­ру­ханаға келедi.

Облыстық денсаулық сақтау басқар­масының мәліметіне сүйенсек, өңірде жылына 70 мыңнан аса сәби өмірге келеді. Өткен жылы 72 370 бала дүние есігін ашса, жыл басынан бері 37 829 бала туылған. Балалар жәрдемақысының көтерілуіне байланысты оңтүстікте бала туу көрсеткі­шінің де күрт артқанын дәрігерлер жасыр­майды. Бала туу көрсеткіші көбейгенімен, көңілге көлеңке түсірерлік тұс та жоқ емес. Туа бітті дертпен туылып жатқандар да бар­шылық. Жағдайы жақсы отбасыларда бала саны артпағанымен, тұрмысы төмен отбасыларда керісінше көбейген. Мұның себебін мамандар жәрдемақыға қызы­ғушылықтан әрі балаларды асыраудың төте жолы деп есептейді. Өйткені ауылдық жерде тұратындардың көбісі жұмыссыз екендігі белгілі. Балаға берілетін көмек ақшамен күн көріп отырғандар жетерлік. Сол себепті де денсаулығының нашар­лығына қарамастан бесінші, алтыншы перзентін өмірге әкелуге ниеттенгендер жоқ емес. Бүгінде облыс орталығында 72 мыңнан астам ана жәрдемақы алады. Ай сайынғы берілетін 8 мың теңге қосымшасын қоссаңыз, кейбір отбасыларға бұл - үлкен көмек. Осы ақшаға телміріп бір үйлі жанды бағып отырғандар да жетіп-артылады. Денсаулығы нашар, ағзасында ақауы бар аналарға дәрігерлер «тууға болмайды» дейді, түрлі себебі барын айтып, аналар «қалай болғанда да, осы баламды боса­нам» дейді. Сөйтіп, екі арада түсінбеушілік туа­ды. Дәрігерлерге көп жағдайда, әрине, ана мен бала денсаулығының жақсы есебі керек, ал аналарға ұрпағының көп болғаны қажет. Аз қазақты көбейтуге күш салуға ниеттенген аналардікін де дұрыс емес дей алмайсыз. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?...

Осылайша, ана өлімімен күрес күшейіп тұр. Құлақ та тыныш, есеп те дұрыс...

Гүлім Шалқар, ата-ата:

- Өзім емханада бронхиалды астма дертімен есепте тұрамын. Дәрі­герлер бала көтеруге болмайды дейді. Тіпті «егер аяғым ауырлап қалған жағ­дайда дәрігерлерге қояр кінәм жоқ» деп жаздыртып та алды. Мен қалай болғанда да бала көтеруге талпынып жүрмін. Дәрігер ұсынған түрлі кон­трацептикадан да бас тарттым. Еш­кімнің де, ешқашан да, қандай жағдай болса да бала тууға болмайды деп тыйым салуға қақысы жоқ емес пе?

Гүлжан КӨШЕРОВА, Жамбыл облысы

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2560
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2412
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663