Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1884 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 07:13

Ардабек Солдатбай. Абай еркіндіктің символына айналды

Еш нәрсе өздігінен бола салмайды. Кездейсоқ ештеме болмайды. Сөз де солай. Не ауызыңа сөзді құдай салады, не шайтан айтқызады. Алланың әмірімен айтылса ол сөздің қуаты адамдарға жағымды болады, шайтан айтқызса теріс жолға салады. Қазақтың бас ақынын «түсініксіз қазақ» деген Алексей Навальныйға бұл сөзді Алла айтқызғаны күмәнсіз. Ол да бірқұдайға сыйынған пенде (Исламда кітап түскен жұрттың бәрін бірқұдайға сыйынушылар деп, олардың таныма түсіністікпен қарауға шақырады, тіпті христиан адамның үйіне қонаққа барғанда алдына қойылған етті ненің еті деп сұрамастан «бісіміллә» деп барып жеуге рұқсат етіледі, ал пұтқа табынушының үйіне мұсылман адам қонақ болса ет тағамын ауызына салуға тиым салынады, өйткені олар көпқұдайшылдыққа ұрынғандар). «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген Абай мұны жақсы білген, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» кеткен. Демек, талай елді ауызына қаратқан Алексей де Алланың әмірімен әлгі сөзді айтты. Бірақ бірнеше күннен соң ол пікірінің теріс екенін түсініп, бұдан былай абайтанушыға айналатынын мәлімдеді. Осы арада қазақ блоггерлерінің еңбегін айтпай кетуге болмайды. Оның Твиттердегі парақшасын жан-жақтан төпелеген қазақтар Абайдың ол айтқандай түсініксіз қазақ емес, бүкіл адамзаттың қайғысын арқалаған зор ақын болғанын, әлемдік деңгейдегі ойшыл екенін жете түсіндірді.

Иә, жаратқан ием бәрін өзі реттейді. Кеше ғана Мәскеуде (2006 жылы) Абайға ескерткіш ашылған кезде бұратана халықтың өкіліне ескерткіш ашылғанына орыстың шовинистері мен неоұлтшылдары қатты қарсылық көрсетіп, ескерткішке сыр төгіп бүлдіріп, мазақ еткен еді. Қаншама қаржы (1,25 млн доллар) жұмсаған ескерткішті сол кезде біздің билік тиісті дәрежеде қорғап, Абайдың адамзат алдындағы еңбегін әйгілей алмады. Енді міне арада аз уақыт өткенде Абай өзін өзі қорғап шықты. Оның ешқашан мәнін жоғалтпайтын жауһар жырлары, ізгі ойлары, қарасөздері саф алтындай жарқырай түсті. Ресейдегі және Қазақстандағы авторитарлық жүйемен күресушілер енді оны еркіндіктің символына айналдырды. Екі елде де қарсылық акциялары Абайдың ескерткішінің төңірегінде өтуде. Халықтың ішкі бұлқынысына, әділетсіздікпен күресіне Абайдың сөздері дем беруде. Бұл да кездейсоқ емес. Абай биліктің кемшілігін, қателігін қатты айтып, жылата айтып кеткен. Бар малын шығындап болыс болатындардың халықтың қанын таскенедей соратынын жақсы білген. Ең қуанышты жағдай - екі елдің де билігі Абайдың ауызын жаба алмайды. Қорқытып-үркітіп, соттап та жібере алмайды. Оның мұраларын өшіре де алмайды. Халыққа Абайды тыңдамаңдар, оның айтқанына ермеңдер деп те айта алмайды. Өйткені, Абай - өшпес рух, сөнбес шырақ, адастырмас бағдар! Бар өмірін әділетсіздікпен күреске арнаған ақынның бұлайша әділдіктің символына айналуы заңдылық!

Қазақтардың қарсылығынан кейін Абай туралы көзқарасы өзгеріп, оның шығармашылығына ден қойған Алексей Навальныйдың артынан мыңдаған адам еріп, дәл осы күндері бас ақынымыздың шығармаларын бүкіл әлемнің халқы оқып жатыр. Твиттер микроблог сервисінің ресейлік сегментінде «ОккупайАбай» хештегі қазір бірінші орында, әлем бойынша үшінші орында тұр. Абайдың қарасөздерін ұранға айналдырып, 9 мамырдан бері оның ескерткішінің жанында қарсылық акциясын өткізіп жатқан еркіндік аңсаушылар алған беттерінен қайтпақ емес. Олар Абай армандаған әділетті қоғам орнатқанға дейін тоқтамайды. Ендеше адамзат үшін Абай қайта туды, абайтанудың жаңа дәуірі басталды деп айта аламыз.

Иә, Алла! Абайдай ақын туған қазақты да назарыңнан тыс қалдырма! Біз де әділетті қоғамға сусап отырмыз.

«masa.kz» интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2561
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2414
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663