Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2012 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 06:30

Еркебұлан Толқынов. Болашақтың алдында жауап беретін күн туады әлі

Судың да сұрауы бар. Кез келген нәрсенің, мейлі ол жанды-жансыз болсын обал-сауабы деген болады. Оны әркім әрқалай түсінер. Түйсігінің жеткенінше әр қилы бағамдар, бәлкім. Атам қазақ мал екеш малының да құнына дау сұрап барған. Дауласқысы келгендіктен емес, дүниедегі жаратылыс біткеннің иесі барын және олардың еш іздеусіз, сұраусыз қалмайтынын ескеріп сезінгендіктен һәм сезіндіргісі келгендіктен сауабын сұраған. Өткен күнге ой жүгірткісі келмеген көкелерге және уәдені бергенде бір жеріңді сүйіп алуға шақ қалатын қағазбас басшыларға айтар датым барын жеткізбекке осылай сөз бастадым.

Бас кеспекке шарасыз көнсек те, тіл кеспекті оспадарлар ойына ала қоймас. Десе де, үмітімнен күдігім басымдау. Шекілдеуік шаққанды шылбырлап, шылым шеккенді шідерлеген шабармандардан бәрін күтуге болады. Нар тәуекел!..

Судың да сұрауы бар. Кез келген нәрсенің, мейлі ол жанды-жансыз болсын обал-сауабы деген болады. Оны әркім әрқалай түсінер. Түйсігінің жеткенінше әр қилы бағамдар, бәлкім. Атам қазақ мал екеш малының да құнына дау сұрап барған. Дауласқысы келгендіктен емес, дүниедегі жаратылыс біткеннің иесі барын және олардың еш іздеусіз, сұраусыз қалмайтынын ескеріп сезінгендіктен һәм сезіндіргісі келгендіктен сауабын сұраған. Өткен күнге ой жүгірткісі келмеген көкелерге және уәдені бергенде бір жеріңді сүйіп алуға шақ қалатын қағазбас басшыларға айтар датым барын жеткізбекке осылай сөз бастадым.

Бас кеспекке шарасыз көнсек те, тіл кеспекті оспадарлар ойына ала қоймас. Десе де, үмітімнен күдігім басымдау. Шекілдеуік шаққанды шылбырлап, шылым шеккенді шідерлеген шабармандардан бәрін күтуге болады. Нар тәуекел!..

2008 жылы 14 мамырда Астана қаласында жылтырыққа үйір «Жас Отан» деген желөкпе ұйымның тарихтағы тұңғыш құрылтайы өтті. Оның өткенінде не тұр дерсіз? Айтайын. Сол жиында ҚР Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік қызметке және сол тектес орындарға басқарушы әрі ұйымдастырушы жастар тобын дайындауды тапсырды. Жай ғана тапсырып қойған жоқ. Арнайы жоба әзірлеп, оны жедел іске асыруды қадап айтты. Жалмауызға да жан керек. Президент әкімшілігі бар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бар, Мемлекеттік басқару академиясы бар, Білім және ғылым министрлігі бар, «Нұр Отаны» бар, бәрі жабыла жүріп «Жастар кадрлық резерві» атты жобаны дүниеге әкелді. Сөз жоқ, керемет жоба! 2009 жылдан бастап жобаға қатысушы үміткерлерді қабылдау басталды. Аудандық, облыстық деңгейдегі өте қатаң сыннан өткен 1000-нан астам жас республикалық конкурсқа қатысып, одан жоба талабына сай келген 32 талапкерді жеңімпаз деп танып, оларды Президент тапсырмасына сәйкес оқытып, даярлау мақсатында таңдап алды. Арасында Алматы облысының атынан жалғыз қатысушы болып осы мақала авторы да бар. (Ескерте кетейін, мұндай қатаң түрдегі іріктеу тек 2009 жылы болды. Содан бергі уақыттағы іріктеудің ережесі толығымен өзгертілген.)

Сонымен Астанаға кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінен жиналған мыңнан тұлпар жастар оқуды бастап кеттік. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алу дегеніңіз әркімге арман. Әсіресе мемлекеттік қызметтің ноқтасы басына киілгендерге. Сондай арманның құшағында жүрген тыңдаушыларға жобаның бишікештері бас-басына бәлен түрлі уәдені үйіп-төкті. «Барлығыңа арнайы резервтік куәлік тапсырылады. Мемлекеттік қызметтің кез келгеніне ешқандай конкурссыз орналасасыңдар. Алдарыңда кедергі деген атымен болмайды. Өз игі  идеяларыңды жүзеге асыруға деген «уникальный» мүмкіндік бұл деген. Біз сендерді таңдадық. Біз сендерді оқытып жатырмыз. Біз сендердің болашақтарыңа жауаптымыз... т.с.с. Ухит та сухит!»

Әрине, жеке өзім оларға алғысымды білдірем. Сондай ғаламат мүмкіндікке жол ашқандары үшін. Не керек, жарқын болашақтың жарқылын сезіне бастағандай болдым. Ауылымда қалған бауыр-туғандарым, дос-жараным, әріптестерім менімен мақтанды. Бұл дегеніңіз білген адамға шынымен зор абырой ғой!

Бірде Е.Қаринмен кездесу өтті. Ол кісінің  сол кездесуде тұрып: «Сендер жайлы Елбасы хабардар. Мына жинаққа енген әрбірің туралы мәліметтерді ынтамен оқып шықты» деген сөздері жалындаған жүректердің отын алаулата түсті. «Елбасы білсе, далада қалмаспыз» деген шалажансар үміт әрбіріміздің көңілімізде тұрды. Бұл арада жобаға жетекші болған Өтешов жайында айтпай-ақ қояйын.

Сонымен көптен күткен құжатымызды қолымызға алдық. Біразы орталық мемлекеттік органда әупірімдеп қызметке қалды. Бірді-екіліміз ауылымызға жол тарттық. «Туған жерге туың тік» деген бар емес пе? Сондай ниетпен туған мекеніме оралып, мені танытқан ортадан қызметімді бастасам деген арманды жетектей келдім. «Мен кадрлық резервтен едім...» деген алғысөзімді естісімен-ақ, облыстағы атқамінер ағатайларды айтпағанда, аудан әкімінен бастап бөлім бастықтары бар, не керек жасы да, кәрісі де табанына шоқ түскен шайтандарша шоршып түсті. «Маған енді неғыл дейсің резерв болсаң. Кедергі келтірме жұмысыма» деген пікірді есту мен үшін басыма бомба жарғанмен тең еді. Сонда деймін-ау, бізді Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында не үшін оқытты? Сол жоба үшін мемлекеттің бюджетінен қаншама шығын шығарды. Әр қатысушыға ай сайын төленген 25 мың теңге стипендия, қаланың қақ ортасынан ойып тұрып жалға алған пәтерлердің әрқайсысына кем дегенде айына 120 мың теңгеден шығындалды. Бұның сыртында алыс-беріс шығын көлемінің қанша болғаны бір ғана Өтешов пен оның айналасындағыларға аян. Судың да сұрауы бар емес пе?!. Бәлкім осы тақылеттес сан сауалдың жауабын Өтешов мырза берер? Әлде билік партиясының отымен кіріп, күлімен шығып жүргендер фобократиялық принциптерге ұрынып қалмай, демократиялық тәсілде жауабын берер ме екен?!.

Жә, баяғыда бір досым айтушы еді: «Өліп қалған күн жоқ» деп. Сол айтқандай, қайдағы бір айдаладағы санасыздар мен мисыздарға өкпелеп не ұтам? Мен қызмет сұрап тұрғаным жоқ. Ұланғайыр байтақта еркін жортқан бөріні аптап-күптеп алтын таққа қондырсаң да, өз даласын аңсайды. Тек мені қинайтыны - аты дардай ағалардың алдағаны, керек десеңіз сенімді ақтамағаны. Қазір бізде мынадай қазақы стандарт бар емес пе: «Жастар сенімді ақтамайды» деген. Кім айтса да, еті арам жануардың  кәлләсындағыны жегендер айтқан болар. Керісінше, ағалар сенімді ақтамайды. Ешқашан ақтаған емес. Ақтамайды да! Аты бар, атағы бар, абыройы байлығынан кем емес ағалар ғой, мұнысы ұят енді. Тілім тұрмақ басымды кесіп алса да айтайын, «мұртың» мен министрің, әкімің мен депутатың, бастығың мен биің - барып тұрған судырақыметтер. Жоғарыда айттым ғой, олар уәде берген кезде бір жеріңді сүйіп алуға шақ қалады.

Президентіміз жуырдағы бір жиында жастарға қамқорлық көрсетіңдер, олармен жақын болыңдар деп айтып жатыр. Судырақыметтердің біздерді қаншалықты жарылқайтынын көреміз. Әй, қайдам!.. Баяғы жартас - сол жартас... Қалай десек те болашақтың алдында жауап берер күн туар әлі!

Артымыздан еріп келе жатқан іні-қарындастарым осындай санасыздардың «сұйық» тірліктерінен аулақ болса екен, сондай «шалабай» шаруаға ұрынып қалмаса екен деген ниетіммен осы мақаланы жаздым. Ар жағын салмақтау оқырманның құзырында

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2560
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2412
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663