Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2913 0 пікір 11 Мамыр, 2012 сағат 10:20

«Достық керуені» Павлодар және Ақсу қалаларында

«Достық керуені» барлық шығыс-қазақстандықтар үшін ауқымды саяси оқиға және облыстық Достық үйінің құрылуының 20 жылдығына орай этномәдени бірлестіктерге ерекше сый болып табылды. Бүгінгі таңда Облыстық Достық үйі Республикадағы алғашқы Достық үйі екендігін мақтанышпен айта аламыз. Оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Облыстық Достық үйінің құрметті қонақтары кітабында бірінші болып Елбасы өз қолтаңбасын қалдырған.

Аталмыш «Достық керуені» Облыстағы Достық үйлерінің ішіндегі ең жасы - Курчатов қаласынан 24 сәуір күні бастау алды. 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің би, музыка, вокалдық ансамблдерінен құралған автокеруен тәжірибе алмасу және «Достық керуені» эстафетасын табыстау үшін Павлодар қаласына аттанды. Акция барлық қазақстандық қалалар мен облыстарды аралап, Астана күнінде Астана қаласында бүкіл мемлекеттің этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен аяқталады деп жоспарлануда.

Автокеруен құрамында Шығыс Қазақстанның 9 Достық үйінің алдыңғы қатарлы шығармашылық ұжымдары (120 адамнан аса) болды. Мега-акцияның символы ретінде «Достықтың жол картасы - 2012» кітабы табылды. Оның бірінші бетінде ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің отандастарға, көпұлтты мемлекетіміздің барлық этностарының өкілдеріне үндеуі жазылған. Оның парақтарында Шығыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктердің барлық төрағаларының қолтаңбалары қойылған. Енді республикамыздың барлық аймағы өз қолтаңбаларымен кітаптың беттерін толтырмақ.

Павлодар қаласы шекарасында шығысқазақстандықтар делегациясын қонақжай павлодарлықтар нан-тұзымен, бауырсақ және шашуымен жылы қарсы алды және бұл мега-акция еліміздің өркендеуіне зор үлесін қосатындығын айтты.

4 мамыр күні ШҚО маслихатының хатшысы Г.В Пинчук және Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Орсариевтің қатысуымен «Тұрақтылық және бірлік - Қазақстан қоғамының басты құндылығы» тақырыбында үлкен Дөңгелек үстел өткізілді.

Естай атындағы Мәдениет сарайында Павлодар халқына облыстық Достық үйі, Семей, Курчатов, Риддер, Шемонайха, Бесқарағай, зырян қалалары Достық үйлерінің шеберлерінің кескіндемелік-қолданбалы өнер бұйымдары көрмесі ұсынылды. Көрме ШҚО 13 этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен ғаламат гала-концертке ұласты. Көрермендердің ерекше ықыласына «Азери», «Зоар», «Вайнах», «Ладушки» ансамбльдері ие болды. Концерт соңында эстафетаны табыстау салтанаты болды. 1200 адамға арналған Мәдениет сарайының көрермен залы нық толы болды.

5 мамырда, достық керуені Ақсу қаласына келіп жетті. Бұл қала да өз қонақтарын дәстүрлі шашумен жылы қарсы алды. Ақсу қласының Мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің концерті қойылды.

Көрермендердің айтуы бойынша, Павлодар халқы көптен бері осындай ауқымды әрі керемет концертті көрмеген және шығыс-қазақстандықтарды ерекше ілтипатпен еске алатын болады.

Аталған іс-шаралардың аяқталуынан кейін көпшілік қауым «Достықтың жол картасы - 2012» мега-акциясы Қазақстан Республикасының Президентінің ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылық пен тұрақтылыққа қарай жолын іске асыруға бағытталған  этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің жандануына жаңа серпіліс әкеледі деген қорытындыға келді.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=section&layout=blog&id=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1621
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1531
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1276
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1240