Сенбі, 18 Мамыр 2024
3701 0 пікір 4 Маусым, 2021 сағат 12:22

Жыл басынан бері 7 мың қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24%-ды және зейнеткерлер 19,5%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 11,3% жоғары білімді, 39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2136
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2545
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2306
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1650