Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Сауалнама 11829 60 пікір 1 Маусым, 2021 сағат 13:47

Келесі премьер кім болады? (сауалнама)

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің қызметіне айтылатын сын мен мін көп. Соңғы екі жылдықтағы пандемия ел Үкіметінің дағдарыс уақытында тиімді шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын көрсетті.

Премьер-министр ол – «кризис менеджер» болуы тиіс. Асқар Мамин өзін ол тараптан көрсете алмады. Жұмыссыздық саны артты, денсаулық саласы күтпеген қиындықты көтере алмады, экономика тұралап қалды. Демек, логикаға сай премьер-министрді ауыстырып, Үкіметті қайта жасақтау керек. Келесі премьер кім болады деп ойлайсыз?

  1. Кәрім Мәсімов, ҰҚК басшысы
  2. Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары
  3. Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі
  4. Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі
  5. Даниал Ахметов, ШҚО әкімі
  6. Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылыми министрі
  7. Нұрлан Нығматуллин, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы
  8. Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
  9. Әсет Исекешов, ҚР президентінің көмекшісі
  10. Ерлан Қарин, саясаттанушы, ҚР президентінің көмекшісі

Өз нұсқаңыз болса, пікір ретінде жазыңыз.

Ескерту: Бұл сауалнама ресми емес. Үкіметтің тапсырысы үшін жасалмайды және оның нәтижелері Үкіметтің ресми статистикасы мен есептеріне енгізілмейді.

Abai.kz

60 пікір