Сенбі, 18 Мамыр 2024
4867 0 пікір 1 Маусым, 2021 сағат 13:03

Қырғызстанның экс-премьері Өмірбек Бабанов ұсталды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті экс-премьер Өмірбек Бабановтың ұсталғанын хабарлады. Комитет мәліметінше Бабановқа «Құмтөр» жобасына байланысты «сыбайлас жемқорлық» айыбы тағылған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі «Құмтөр» кен орнын игеру жобасының түрлі кезеңдерінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатқандығы туралы хабарланды.

- «Тергеу барысында алынған дәлелдерге сүйене отырып, 2021 жылғы 31 мамырда қылмыс жасады деген күдікпен. Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 319 б, 2-бөлігі бойынша («Сыбайлас жемқорлық»), экс-премьер-министр Өмірбек Бабанов ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті осы қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижелері туралы тұрақты түрде халықты хабардар етіп отырады », - делінген арнайы қызметтің хабарламасында.

Бұған дейін бірқатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Бабановты «Құмтөр» компаниясына қатысты қылмыстық іс аясында жауап алуға шақырғаны туралы жазған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653