Сенбі, 18 Мамыр 2024
4701 5 пікір 1 Маусым, 2021 сағат 12:46

Ресей Батыс округтен әскери бөлімдер құрмақ

2021 жылдың соңына дейін Ресей қорғаныс министрлігі Батыс әскери округінде 20-ға жуық жаңа құрама мен әскери бөлімдер құрады. Бұл туралы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

Шойгудың айтуынша, бұл стратегиялық авиациялық рейстердің қарқындылығын және Ресей шекараларында әскери кемелердің санын арттырған НАТО елдеріне жауап болады.

Сондай-ақ, ол соңғы жеті жылда АҚШ әскери-әуе күштерінің Еуропадағы стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының ұшу жиілігі 14 есеге артқан. Соңғы жылдардағы әскери жаттығулар саны бір жарым есеге өскен.

- Батыстық әріптестеріміздің әрекеттері әлемдегі қауіпсіздік жүйесін бұзады және бізді қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр етеді. Біз өз әскерлеріміздің жауынгерлік құрамын үнемі жетілдіріп отырамыз. Жыл соңына дейін Батыс әскери округінде 20-ға жуық құрамалар мен әскери бөлімдер құрылады,- деді РФ Қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, наурыздың аяғында Донбасста қақтығыстың шиеленісуі кезінде Ресей Украина шекарасына жақын жерде әскерлерін жіберді. Бұған Киев пен батыс елдері алаңдаушылық білдірген. Алайда, Ресей мұны әскери жаттығу деп түсіндірді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2334
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653